Бейсенбі, 18 Мамыр 2023 15:52

Отырар: 327 зейнеткерге шипажайға жолдама берілген

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығының 3-қосымшасы Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес құрылған Отырар аудандық «Халыққа әлеуметтік  қызмет көрсету «Тең қоғам» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде екі құрылымдық бөлімше «Жалғызілікті қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету», «Мүгедектігі бар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» және «Күндізгі қатынау бөлмелері» қызмет көрсетуде.

«Жалғызілікті қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесі бойынша 2022 жылы арнаулы әлеуметтік күтімге алынған жалғызілікті қарттар саны- 90, оның ішінде жалғызілікті қарттар саны-62, психоневрологиялық ауытқуы бар - 28 мүгедек азаматтарға 17 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсеткен.    

 Аудан бойынша  жалпы зейнеткерлер саны -5324, оның ішінде:1. Тыл ардагерлері-198,2. Соғыс мүгедегінің жесірлері-15,3. Батыр аналар-135,  жалпы зейнеткерлер саны-4976, 4. Ауғанстан елінде әскери міндетін өтегендер -10, 5.Тәжікстан- Ауғанстан шекарасында әскери қызмет еткен -12, 6.Таулы Қарабақтағы  этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан-2,  7.Семей ядролық сынақ полигонында болған – 26, 8.Чернобыль  АЭС-да зардап шеккен – 4,9.Бейбіт заманда қайтыс болған әкеридің отбасы – 4. Осы  азаматтар мекемеде есепте тұрады.

Мекемеге облыстық бюджеттен:1. «Ардагерлер үйі»  ардагерлер үйіне – 121 жолдама,2.    «Мейір» ардагерлер үйіне 118 жолдама бөлініп, толықтай игерілген. Жергілікті бюджеттен: «Арыс шипажайына» - 88 жолдама  бөлініп, барлығы 327 зейнеткер    жолдамамен қамтамасыз етілген.

Үйде арнаулы әлеуметтік күтімдегі жалғызілікті қарт аналарға және мүгедектерге 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күні, 1 қазан Қарттар мен мүгедектер күніне демеушілер тарапынан азық түлік себеті мен  сый-сыяпаттар көрсетілді. Шымкент қаласында орналасқан №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында  (қарттар үйі)тұратын төмендегі 3 қариямызға 1 қазан Қарттар мен мүгедектер күніне демеушілер есебінен киімдер, азық түліктер табысталған.

«Мүгедектігі бар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесі бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығының 2-қосымшасы "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары негізінде «Мүгедектігі бар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесі арқылы қызмет көрсетіледі. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге есепке алынған қызмет алушылар саны-85. Оның ішінде 59 мүгедек балалардың тірек – қимыл аппараты бұзылған, 26 психоневрологиялық ауытқуы бар және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар 10 мүгедектігі бар азамат қамтылған. Қызмет алушыларға 17 әлеуметтік қызметкер бекітілген.

 «Күндізгі қатынау» бөлмесі бойынша: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығына қосымша Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидалары 2-тарау  4 тармағына сәйкес мекемеде мүгедектігі бар балаларға арналған бөлме ашылған. «Күндізгі қатынау» бөлмелері жихаздармен, төсек жабдықтарымен, арнайы ойын құралдары мен ойыншықтармен жабдықталған. Балаларға әлеуметтік маман, логопед, педагог-психолог мамандар қызмет көрсетеді. Балаларға жеңіл ас мәзірі, яғни, жеміс-жидектер, сусындар және сүт өнімдері қарастырылған. «Күндізгі қатынау» бөлмелеріне жеке оңалту бағдарламасында көрсетілген 32 мүгедектігі бар балаға қызмет көрсетілген.

Мекеме арқылы мемлекеттік қызметтің 8 түрі көрсетіледі:-  Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;- Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;- Мүгедектігі бар адамдарға техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;- Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарды ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;- Мүгедектігі бар адамдарды жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;- Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар -балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;- Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;- Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу. Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінен ұсынылған жеке оңалту бағдарламасының жалпы саны-1800.

Мүгедектігі бар азаматтар ұсынылған оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес қызмет түрлерін алу «Әлеуметтік қызметтер порталы» (aleumet.egov.kz)арқылы жүргізіледі. Көмек түрлерін алу үшін әр азамат «Электронды үкімет»(egov.kz.) сайтынан электронды түрде өтініш береді. «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы өз қажетті көмек түрлеріне тапсырыс беру арқылы қамтамасыз етіледі. Әр мұқтаж азаматтың электронды цифрлы қолтаңбасы(ЭЦҚ)арқылы жүзеге асырылады.

2022 жыл бойынша «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметі бойынша- 111 өтініш түсіп орындалған;- Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу қызметі бойынша 95 азаматтан өтініш түсіп 116 құралмен;- Мүгедектігі бар адамдарға техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу қызметі бойынша 346 азаматтан өтініш түсіп, 768 құрал түрімен;- Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарды ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу қызметі бойынша ымдау тілі маманының қызметіне мұқтаж 9 азаматтан өтініш түсіп, ымдау маманы қызмет көрсеткен;- Мүгедектігі бар адамдарды жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу қызметі бойынша 51 азаматтан 81 қол арбаға өтініш түскен;- Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу қызметі бойынша 245 азаматтан өтініш түскен;- Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу қызметі бойынша 15 азаматтан өтініш түскен;- Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу қызметі бойынша 15 азаматтан өтініш түскен; өтініштер көмек түрлерімен қамтамасыз етілген. Ауданда жалпы 2392 мүгедектігі бар азаматтар есепке алынған. Оның ішінде І-топтағылар саны-262, ІІ-топтағылар саны -750, ІІІ- топтағылар саны 945 және 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны 435-ны құрап отыр. Мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында қаржылар облыстық және жергілікті бюджет есебінен қарастырылады.

Мүгедектігі бар азаматтарды жеке оңалту бағдарламасында көрсетілген көмекші құралдарды ауыстыру мерзімі және мөлшері "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 3 қазандағы № 404 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. «Электронды үкімет»(egov.kz.) сайтынан электронды түрде өтініш беру және «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы көмек түрлеріне тапсырыс беруде азаматтарға ақпараттық көмек көрсету мақсатында мекемеде «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» және «Халыққа қызмет көрсету орталығында»(ЦОН) арнайы қызмет көрсету бұрыштары және мамандар бар.

Жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайы қол арба көтергіші бар құрылғылармен жабдықталған «Инватакси» арнайы көлігі тасымалдау қызметін көрсетуде. «Инватакси» көлігі мекеме балансына мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес 2019 жылы алынған. Қызмет алушылар диализ сырқаты бар мүгедектігі бар азаматтар, көруі нашар І-топ мүгедектігі бар азаматтар, қол арба пайдаланушылар мен тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар. Диализ сырқатымен ауыратын мүгедектігі бар азаматтарды аудандық ауруханада орналасқан емдеу орнына тасымалдайды. Ем қабылдау тұрақты түрде аптасына үш рет. Көруі нашар мүгедектігі бар азаматтар жұмыс орнына, бару пунктеріне тасымалданады. Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар ауруханаға, Шымкент қаласындағы протез-ортопедиялық «Көгершін» орталығына тасымалдайды.

Мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік инфрақұрылымдық нысандарға кедергісіз кіріп-шығуы үшін қолжетімді орта жасау мақсатында аудан көлемінде 2022 жылы жоспарға сәйкес 14 нысанға бейімдеу жұмыстары жүргізілген. Қолжетімділіктің негізгі көрсеткіштері: мүгедектігі бар азаматтарға арналған автотұрағы, нысанға бару жолдары, нысанға кіреберісі, (яғни, пандус, қол ұстағышы), нысан ішіндегі жүру жолдары, қызмет көрсету орындары, санитарлық орындары болып саналады.

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер түріндегі мемлекеттік көмек пен қолдауды; әлеуметтік оңалту шеңберінде организмнің жоғалтқан функцияларының орнын толтыруды; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтитын көп деңгейлі әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыс істейді. Мүгедектігі бар адамдар көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдері ескеріле отырып, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифлотехникалық құралдармен, кресло-арбалармен, санаторий-курорттық емделумен, міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

Дамуында кемістігі бар адамдарды күнделікті өмірде кездестірмей түсіну мүмкін емес. Бірақ олар тек отбасында тұруды, достасуды, қоғамдық көлікті пайдалануды, кафелер мен мейрамханаларға баруды және білім алуды қалайды және оған құқығы бар. Сондықтан қол жетімді кедергісіз ортаны құруға үлес қосу өте маңызды. Кедергілерге келетін болсақ, бұл мүгедектердің өз бетінше жүріп-тұруына арналған инфрақұрылымды (пандустар, тротуарлар мен өткелдердегі арнайы белгілер, метродағы лифттер, автобустар және т.б.) ғана емес, сонымен қатар айналадағылармен қарым-қатынас.

Біз сөйлеу арқылы сөйлесуге дағдыланғанбыз және бұл қарым-қатынас әдісі кез келген адамға қол жетімді емес деп ойламаймыз. Сонымен, сөйлей алмайтын, бірақ ым-ишара немесе арнайы байланыс құралдары арқылы сөйлесетін мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Бұған құрметпен қарау керек, өйткені олардың қарым-қатынасқа деген қажеттілігі бізден кем емес.

Инклюзивті қоғам - бұл оның барлық мүшелерінің әртүрлі екендігін және олардың кейбіреулерінің ерекше қажеттіліктері немесе дамуында ауытқулары бар екенін құрметтейтін және бағалайтын қоғам. Қазіргі қоғам мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген көзқарасын өзгертуі, инклюзивтік мәдениетті дамыту керек, этикалық тұрғыдан үйлесімді және сауатты терминологияны енгізу керек. Бұл осы бағытта арнайы тәрбие жұмысын ғана емес, жалпы қоғамдағы қарым-қатынас мәдениетін өзгертуді де талап етеді. Ең маңызды аспектілердің бірі - біз белгілі бір жағдайда қолданатын тіл мен сөздер. Дұрыс өрнектер адамның жағымды бейнесін қалыптастыруға, оған құрмет көрсетуге және байланыс орнатуға көмектеседі. Мүмкіндігі шектеулі адамдар қандай да бір ерекше емдеуді қажет етеді деп ойлаудың қажеті жоқ!

«Мүгедек» сөзі әртүрлі сезімдерді тудырады, бірақ, жалпы алғанда, сауалнама жүргізілген мүгедектердің көпшілігі оны қолайлы деп санайды, өйткені бұл ресми сөз, ең жиі қолданылатын және біршама абстрактілі болды.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: мүмкіндігі шектеулі адамдарға қалай дұрыс жүгіну керектігін өз бетіңізше сұраудан тартынбаңыз.

Әдептілік тек сөйлеу ғана емес, сонымен қатар, әрекетіңіз. Белгілі бір сипаттамалары бар адаммен қалай әрекет ету керектігін білмесеңіз, сіз өзіңізді де, әңгімелесушіңізді де ұятқа қалдыра аласыз.

Ерекше қажеттілігі бар адаммен сөйлесу этикетінің 10 ережесі:

1. Мүгедектігі бар адаммен сөйлескенде, сөйлесу кезінде айтқыңыз келген нәрсені оның жанындағы адамға, я болмаса көмекшісіне емес, бірден өзіне айтқаныңыз жөн.

2. Сөйлеуі қиынға соғатын адаммен сөйлескенде оны мұқият тыңдаңыз. Шыдамды болыңыз, оның өзі сөйлемді аяқтағанша күтіңіз. Ол үшін түзетпеңіз және келіспеңіз. Егер сіз сұхбаттасушыны түсінбесеңіз, қайта сұраудан тартынбаңыз.

3. Нашар немесе мүлдем көрмейтін адаммен сөйлескенде, өзіңізді және сізбен бірге келген адамдарды атаңыз. Егер сізде топта жалпы әңгіме болса, онда өзіңізді атауды және қазіргі уақытта кімге жүгінетініңізді түсіндіруді ұмытпаңыз. Шетке шыққан кезде дауыстап ескертуді ұмытпаңыз (қысқа уақытқа кетсеңіз де).

4. Егер Сізден көмек сұралмаса, мүгедектігі бар адамға көмектесуге асықпаңыз. Егер сіз көмектескіңіз келсе, алдымен көмек қажет пе деп сұраңыз. Қажет болса, не және қалай істеу керектігін сұраңыз, содан кейін әрекет етіңіз. Егер сіз түсінбесеңіз, тартынбаңыз-қайта сұраңыз. Мысалы: егер соқыр адамды алып жүру керек болса, оны ұстамаңыз және оның қолынан сүйремеңіз, бірақ оған бейтаныс жерде жүруге қалай көмектесе алатыныңызды сұраңыз. Зағип адамның өзі сізге мұны қалай жасау керектігін түсіндіреді (біреу қолын еріп жүрушінің иығына қоюға рұқсат сұрайды, біреу еріп жүрушіні шынтағының астына алғысы келеді, біреу шынтағының астына алуды сұрайды, біреу жеткілікті ауызша кеңестер және т. б.).

5. Мүгедектігі бар адаммен кездескенде қол беріп амандасқан жөн. Тіпті қолын қозғалту қиын немесе протезді қолданатын адаммен де. Оң қолына ыңғайсыздық тудырса, сол қолымен де болады.

6. Мүгедектер арбасы, балдақ сынды заттарға қол тигізбеңіз! Біреудің мүгедектер арбасына сүйену немесе қолын іліп қою, оның иесіне сүйенуден аулақ болыңыз.

7. Мүгедектер арбасындағы адаммен немесе бойы қысқа адаммен сөйлескенде, сіздің және оның көздері бір деңгейде болатындай етіп отырыңыз. Солай сөйлесу оңай болады, және әңгімелесушіңіз басын жиі көтеруге мәжбүр болмайды.

8. Егер сіз кездейсоқ көре алмайтын адамға"кездескенше" немесе құлағы есітмейтін адамға “сіз бұл туралы естідіңіз бе?" деп айтып қалсаңыз, онда тұрған ештеңе жоқ. Себебі, ол кісілер де әдетке айналған сөздерді жиі қолданады. Өйткені олар да естиді және көреді, бірақ басқаша. Зағип адамның қолына бірдеңе бере отырып, ешқандай жағдайда "оны сезіңіз" деп айтпаңыз, әдеттегідей "оған қараңыз"деп айтыңыз. Мүгедектер арбасындағы адамға "келіңіз, жүріңіз"деп айтпаңыз. "Келіңіз", "осында өтіңіз" деп айтыңыз.

9. Нашар еститін адамның назарын аудару үшін оны қолыңызбен немесе иығыңызбен шайқаңыз. Оның көзіне тіке қарап, анық сөйлеңіз, айқайламаңыз. Ерніңізді оқи алатын адамдармен сөйлескенде, жарық түсіп, сіз анық көрінетін етіп отырыңыз. Есіңізде болсын, нашар еститін адамдардың бәрі бірдей ерінді оқи алмайды.
10. Мүгедек балалар мен жасөспірімдерге атын атап, ересектерге аты-жөні бойынша, яғни мүгедектігі жоқ басқа адамдар сияқты (өзгелермен теңдей, бөліп қарамай) байланысыңыз.

МАҢЫЗДЫ: егер сіз бірдеңені түсінбесеңіз, өзіңізді қалай ұстау керектігін және қалай сөйлеу керектігін білмесеңіз - ұялмаңыз, бұл туралы мүмкіндігі шектеулі сұхбаттасыңыздан сұраңыз. Ол онымен сөйлесудегі ыңғайсыздықты байқағаннан немесе сізден өзіне жағымсыз, қорлайтын сөзді естігеннен жақсы болады.

Оқылды 305 рет