Сейсенбі, 06 Маусым 2023 17:17

Отырар: жалғызілікті қарттарға азық-түлік пакеттері табысталған

Отырар аудандық «Халыққа әлеуметтік  қызмет көрсету «Тең қоғам» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы 2023 жылғы мамыр айындағы мәлімет бойынша 85 жалғызілікті қарттарға демеушілер есебінен азық-түлік пакеттері мен сыйлықтар табыс етілген.

8 наурыз әйелдер күні және 9 мамыр Жеңіс күні  мерекесінде арнаулы әлеуметтік күтімдегі 85 жалғызілікті қарттарымызға демеуші есебінен азық түлік пакеттері мен сыйлықтар табысталды. Ай сайын еріктілермен біріге отырып, қарттардың үй-жайларына міндетті түрде тазарту, әктеу және  бау бақшасына жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырады.

1 қазан Қарттар күні мерекесіне орай  Шымкент қаласында орналасқан №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында  (қарттар үйі) тұратын төмендегі 3 қариямызға бару жоспарланып отыр.

Бүгінде Отырар аудандық «Халыққа әлеуметтік  қызмет көрсету «Тең қоғам» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Жалғызілікті қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету», «Мүгедектігі бар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» және «Күндізгі қатынау бөлмелері» құрылымдық бөлімшелері арқылы қызмет көрсетеді.

«Жалғызілікті қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесі бойынша:  2023 жылы «Жалғызілікті қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесінде - 85 азамат күтімге алынған, оның ішінде жалғызілікті қарттар саны-84,18 жастан асқан мүгедектігі бар азамат-1. Оларға 17 әлеуметтік қызметкер арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес 7 әлеуметтік қызметтер түрін  көрсетеді.

Аудан бойынша  зейнеткер саны -5219, оның ішінде тыл ардагерлері-169, соғыс мүгедегінің жесірлері-15, батыр аналар-131,  жалпы зейнеткерлер саны – 4904. Ауғанстан елінде әскери міндетін өтегендер -9; Тәжікстан- Ауғанстан шекарасында әскери қызмет еткен -12; Таулы Қарабақтағы  этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан – 6; Семей ядролық сынақ полигонында болған – 22; Чернобыль  АЭС-да зардап шеккен – 4; Бейбіт заманда қайтыс болған әкеридің отбасы – 4. Осы  азаматтар мекемеде   есепте тұрады.

Облыстық бюджеттен: «Ардагерлер үйі» ардагерлер үйіне 133 жолдама бөлініп, бүгінгі таңға 42 игерілді. «Мейір» ардагерлер үйіне 100 жолдама бөлініп, 40 ардагер кезектілігіне қарай жолдамамен қамтамасыз етілді. Жергілікті бюджеттен: жолдама әр түрлі санаттағы 144 азаматқа 18317,0 мың теңге көлемінде қаржы бөлінген. Бөлінетін жолдама  мемлекеттік сатып алу жүйесі бойынша  аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мемлекеттік мекемесі арқылы жүргізілуде, нәтижесі 26.05.2023 жылы анықталады.

«Мүгедектігі бар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесі бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығының 2-қосымшасы "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары негізінде «Мүгедектігі бар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесі арқылы қызмет көрсетіледі. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге есепке алынған қызмет алушылар саны-92. Оның ішінде 55 мүгедек балалардың тірек – қимыл аппараты бұзылған, 27 психоневрологиялық ауытқуы бар және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар 10 мүгедектігі бар азамат қамтылған. Қызмет алушыларға 17 әлеуметтік қызметкер бекітілген.

«Күндізгі қатынау» бөлмесі бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығына қосымша Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидалары 2-тарау  4 тармағына сәйкес мекемеде мүгедектігі бар балаларға арналған бөлме ашылған. «Күндізгі қатынау» бөлмелері жихаздармен, төсек жабдықтарымен, арнайы ойын құралдары мен ойыншықтармен жабдықталған. Балаларға әлеуметтік маман, логопед, педагог-психолог мамандар қызмет көрсетеді. Балаларға жеңіл ас мәзірі, яғни, жеміс-жидектер, сусындар және сүт өнімдері қарастырылған. «Күндізгі қатынау» бөлмелеріне жеке оңалту бағдарламасында көрсетілген 25 мүгедектігі бар бала қызмет алады.

Қазіргі таңға 2023 жылға оның ішінде:

- «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметі бойынша- 90 өтініш түсіп, орындалған;

- Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу қызметі бойынша 32 азаматтан өтініш түсіп 47 құралмен;

- Мүгедектігі бар адамдарға техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу қызметі бойынша 238 азаматтан өтініш түсіп, 530 құрал түрімен;

- Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарды ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу қызметі бойынша ымдау тілі маманының қызметіне мұқтаж 9 азаматтан өтініш түсіп, ымдау маманы қызметі көрсетіледі;

- Мүгедектігі бар адамдарды жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу қызметі бойынша 23 азаматтан 37 қол арбаға өтініш түскен;

- Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу қызметі бойынша 264 азаматтан өтініш түскен;

- Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу қызметі бойынша 2 азаматтан өтініш түскен;

- Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу қызметі бойынша 6 азаматтан өтініш түсіп көмек түрлерімен қамтамасыз етілуде.

Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінен ұсынылған жеке оңалту бағдарламасының жалпы саны-1992.

Мүгедектігі бар азаматтар ұсынылған оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес қызмет түрлерін алу «Әлеуметтік қызметтер порталы» (aleumet.egov.kz)арқылы жүргізіледі.

Жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайы қол арба көтергіші бар құрылғылармен жабдықталған «Инватакси» арнайы көлігі тасымалдау қызметін көрсетуде. «Инватакси» көлігі мекеме балансына мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес 2019 жылы алынған. Қызмет алушылар диализ сырқаты бар мүгедектігі бар азаматтар, көруі нашар І-топ мүгедектігі бар азаматтар, қол арба пайдаланушылар мен тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар. Диализ сырқатымен ауыратын мүгедектігі бар азаматтарды аудандық ауруханада орналасқан емдеу орнына тасымалдайды. Ем қабылдау тұрақты түрде аптасына үш рет. Көруі нашар мүгедектігі бар азаматтар жұмыс орнына, бару пунктеріне тасымалданады. Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар ауруханаға, Шымкент қаласындағы протез-ортопедиялық «Көгершін» орталығына тасымалдайды.

Мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік инфрақұрылымдық нысандарға кедергісіз кіріп-шығуы үшін қолжетімді орта жасау мақсатында 2023 жылға 18 нысан жоспарға қойылып, қазіргі таңда бейімдеу жұмыстары жүргізілуде. Қолжетімділіктің негізгі көрсеткіштері: мүгедектігі бар азаматтарға арналған автотұрағы, нысанға бару жолдары, нысанға кіреберісі, (яғни, пандус, қол ұстағышы), нысан ішіндегі жүру жолдары, қызмет көрсету орындары, санитарлық орындары болып саналады. Мекемеде есепте тұратын барлық санаттағы осал топтағы азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатындағы жұмыстар ұдайы жалғасын табады.

Бірінші топтағы мүгедектерге күтім көрсетуші адамдарға ең төменгі күнкөріс деңгейінде жаңадан арнаулы жәрдемақы енгізілді. Аталған көмек бөгде адамның тұрақты көмегіне мұқтаж І топтағы мүгедектігі бар азаматтарға арналған. Биыл жәрдемақы мөлшері 50 426 теңгені құрады. Бұл көмек күтім жасайтын 198 адамға тағайындалды. Күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы мынадай жағдайларда тағайындалмайды. Егер күтуші кәмелеттік жасқа толмаса, психикалық денсаулық орталығында есепте тұрса, І топ мүгедегі толық мемлекеттік қамсыздандыруында болған жағдайда ала алмайды. Сонымен қатар 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы сырқатының дәрежесіне қарай 37 процентке дейін ұлғайтылды. Жалпы облыс бойынша 7 жастан 16 жасқа дейінгі 3080 балаға мүгедектік топ белгіленген. Бүгінгі таңда 478 балаға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы берілді. Айта кететін жайт, «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізіліп, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға күтім жасау кезеңі 18 жасқа дейін ұзартылды.

2022 жылы бір жасқа дейінгі бала күтімі және көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақылар туралы айтсақ, бала туғанда берілетін жәрдемақының мөлшері: Бірінші, екінші және үшінші балаға - 38 АЕК (116 394 теңге); Төртінші және одан да көп балаларға - 63 АЕК (192 969 теңге). Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы бала күтімін жүзеге асыратын және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылмайтын жұмыс істемейтін әйелдер мен ер азаматтарға тағайындалады.

Жұмыс істемейтін әйелдер мен ерлер үшін бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақының мөлшері:

Бірінші балаға - 5,76 АЕК (17 643 теңге)

Екінші балаға - 6,81 АЕК (20 859 теңге)

Үшінші балаға - 7,85 АЕК (24 044 теңге);

Төртінші және одан жоғары - 8,90 АЕК (27 261 теңге).

Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар отбасылар үшін жәрдемақы отбасының табысына қарамастан тағайындалады:

Төрт балаға - 16,03 АЕК (49 100 теңге);

Бес балаға - 20,04 АЕК (61 382 теңге);

Алты балаға - 24,05 АЕК (73 665 теңге);

Жеті балаға - 28,06 АЕК (85 948 теңге);

Сегіз және одан да көп балаға - 32,06 АЕК (98 200 теңге), оған қоса әрбір келесі балаға 4 АЕК-тен.

«Алтын алқа» (7 және одан да көп бала туған және тәрбиелеген), «Күміс алқа» (6 бала туған және тәрбиелеген) алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, бірінші және екінші дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған әйелдерге ай сайын 6,4 АЕК (19 603 теңге) мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

Мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақы

Асыраушысынан айрылу және мүгедектік жағдайы бойынша айлық жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан тағайындалады.

2022 жылы мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері:

1-топ - 1,92 ПМ (69 155 теңге)

2-топ - 1,53 ПМ (55 108 теңге)

3-топ - 1,04 ПМ (37 459 теңге).

Мүгедек балалардың барлық топтары үшін жәрдемақы мөлшері 16,7%-дан 37%-ға дейін өседі.

Сондай-ақ, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беру көзделеді. Қазір мүгедектігі бар балалар ата-аналары ажырасқан кезде бір мезгілде алименттер мен мүгедектігі бойынша жәрдемақы ала алады. Алайда, бір немесе екі ата-ана қайтыс болған кезде бала мүгедектігі бойынша жәрдемақы немесе асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы ала алады.

Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы:

Отбасының еңбекке жарамсыз бір мүшесі болған жағдайда 0,86 ПМ (30 975 теңге) мөлшерінде;

Отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне екі – 1,49 ПМ (53 667 теңге) болған кезде;

Отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне үш – 1,85 ПМ (66 633 теңге) болған кезде;

Отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне төрт – 1,96 ПМ (70 595 теңге) болған кезде;

Отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне бес – 2,03 км (73 116 теңге) болған кезде;

Алты және одан көп болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,11 км (75 998 теңге).

Ата-анасының екеуі де айырылған жағдайда жетім балаларға асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы әр балаға 1,18 ПМ (42 501 теңге) мөлшерінде, отбасының еңбекке жарамсыз қалған мүшелеріне - 0,54 ПМ (19 450 теңге) мөлшерінде, бірақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,56 ПМ (92 206 теңге) аспайтын мөлшерде тағайындалады.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне - 16 АЕК (49 008 теңге);

Басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне - 4,8-ден 6,19 АЕК-ке дейін (14 702-ден 18 960 теңгеге дейін);

Жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға - 6,19 АЕК (18 690 теңге);

Жеңілдіктер бойынша ҰОС мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға - 7,55 АЕК (23 125 теңге)

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен), қайта некеге тұрмаған жауынгерлердің жесірлеріне - 4,48 АЕК немесе 13 722 теңге;

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен немесе жаралану, контузия алу, мертігу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына, бейбіт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына, Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасыларына, сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың әсеріне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасыларына - 4,59 АЕК (14 059 теңге);

Қайтыс болған ҰОС мүгедегінің немесе жеңілдіктер бойынша ҰОС мүгедектеріне теңестірілген адамның зайыбына, сондай – ақ қайтыс болған ҰОС қатысушының, партизанның, астыртын күрескердің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған, жалпы ауруы, еңбекте мертігуі және басқа да себептері (құқыққа қайшы келетіндерін қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтың қайталап некеге отырмаған зайыбына (жұбайына) - 2,56 АЕК (7 841 теңге)

Кеңес Одағының Батырларына, үш дәрежелі «Даңқ» ордендерінің иегерлеріне, «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдарға  - 138,63 АЕК (424 624 теңге);

Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерінің иегерлеріне, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға - 138,63 АЕК (424 624 тенге);

«Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға - 138,63 АЕК (424 624 теңге);

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен наградталмаған, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде алты ай жұмыс істеген адамдарға - 2,13 АЕК (6 524 теңге);

Мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұратын бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда - 1,49 АЕК (4 564 теңге);

Қарттарды, мүгедектерді стационарлық үлгідегі ұйымдарда емдеу, санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету жолдарын мемлекет бұрыннан өз мойнына алып келе жатқаны белгілі. Тіпті, бұл мәселені жүйелі түрде шешу үшін «Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын» да жасап қойған.

Қазақстанның еңбек нарығында құрылатын негізгі жұмыс орындары мүгедектігі бар адамдардың үш тобына – есту қабілеті бұзылған, көру қабілеті бұзылған және кресло-арбамен жүріп-тұратын адамдарға қатысты.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту әлеуметтік қызметтердің тиімді өзара іс-қимылы және әлеуметтік қызметтер көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу есебінен жүзеге асырылады.

Әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында:

1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жан басына қаржыландыру нормативтері әдістемесін қолдану жолымен сапалы әлеуметтік қызмет көрсетуге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету;

2) атаулылықты және тең қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік қызмет көрсету нысандарын жаңғырту, сондай-ақ әлеуметтік жұмыскерлердің мәртебесі мен әлеуетін арттыру талап етіледі.

Әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушылардың көрсетілетін жұмыскердің сапасына қанағаттануы үшін мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізу қажет:

үздіксіз білім беру және сертификаттау жүйесі арқылы әлеуметтік жұмыскерлерді кәсібилендіру;

мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік емес сектор көрсететін әлеуметтік қызметтердің тізбесін кеңейту;

арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу.

Қазіргі уақытта әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының 71 %-ы ірі қалалар мен аудан орталықтарында орналасқан. Сонымен қатар қызмет көрсетілетін мүгедектігі бар адамдардың 48,7 %-ы үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері басым ауылдық жерлерде тұрады. Осыған байланысты жүйенің институционалдық базасын одан әрі кеңейтуге, көрсетілетін қызметтерді алушыларды олардың жеке мүмкіндіктеріне байланысты санаттауға және көрсетілетін қызметтердің атаулылығын күшейтуге бағытталған шараларды қабылдау межеленген.

Қоғамның мүгедектігі бар адамдардың проблемаларына деген көзқарасын өзгерту мақсатында мынадай шараларды қамтитын қоғамдық санамен жұмыс жөніндегі кешенді стратегияны іске асыру қажет:

1) бірқатар негізгі дефинициялар мен ұғымдарды қайта қарау және бекіту;

2) мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді басқарудың бірыңғай институтын құру.

Көрсетілген шараларды іске асырудың нысаналы индикаторлары:

мәдениет, телерадио хабарларын тарату объектілерін және интернет-сайттарды есту және көру қабілеті бұзылған адамдар үшін қазіргі заманғы қолжетімділік құралдарымен жабдықтау;

есту және көру қабілеті бұзылған адамдар үшін мемлекеттік ұйымдарда қолжетімді ақпараттық стендтер әзірлеу;

БАҚ-та мүгедектік проблематикасы бойынша түсіндіру сипатындағы жарияланымдарды енгізу;

сурдоаудармамен немесе титрі бар жүгіртпе таспамен сүйемелденетін республикалық және өңірлік телевизия арналары бағдарламаларының санын ұлғайту.

Қоғамдық санамен кешенді жұмыс шеңберінде 2025 жылға қарай республикалық телевизияда сурдоаудармамен немесе титрі бар жүгіртпе таспамен сүйемелденетін бағдарламалар шығару, халықты мүгедектік мәселелері туралы хабардар ету және әлеуметтегі қоғамдық стигматизацияны төмендету мақсатында әлеуметтік роликтерді орналастыру үшін мемлекеттік тапсырысты кеңейту жоспарлануда. Осы роликтер шеңберінде жұртшылықты әртүрлі мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасауға оқыту және хабардар ету жүргізіледі.

Барлық әлеуметтік факультеттерде ымдау тілін оқыту курстарын енгізу, оның ішінде қызметтер көрсету секторына жұмысқа қабылдау кезінде қарым-қатынастың ымдау тілін білуді міндетті өлшемшарт ретінде енгізу мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша шараларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Бұл ретте ымдау тілін мемлекеттік тілге көшіру және компьютерлер мен оқығыш машиналар, ұялы телефондар үшін қазақ тілін электрондық синтездеу бағдарламасын әзірлеу мәселелерін қарау қажет.

Мүгедектікпен байланысты әлеуметтік стигма мүгедектігі бар адамдарға өз әлеуетін толық ашуға кедергі жасайтын және білім беру, жұмысқа орналастыру сияқты салалардағы нәтижелер мен қазақстандық қоғам өмірінің барлық салаларына қатысу тұрғысынан теңсіздікті күшейтетін негізгі кедергілердің бірі болып қалып отыр.

Бұл міндетті шешу үшін білім беру жүйесінің барлық деңгейінде, оның ішінде барлық балаларда сәби кезінен бастап мүгедектігі бар адамдардың құқықтарына, сонымен қатар қоғамның басқа да мүшелеріне құрметпен қарауға тәрбиелеуді енгізу ұсынылады.

Бұл шара мүгедектігі бар адамның бейнесін қоғамның толық құқылы және тең дәрежелі мүшесі ретінде дамытуға көмектеседі. Адам құқықтарына негізделген тәсілді мүгедектікке қолдану мәселелерінде жұртшылықты хабардар етуді және жаппай ағартуды арттыру жөніндегі кең ауқымды әрі атаулы науқандарды ұйымдастыру жөніндегі күш-жігерді жандандыру және жұмысты жалғастыру қажет.

Оқылды 319 рет