Бейсенбі, 22 Маусым 2023 18:59

ШЫМКЕНТ: «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР

Бүгін Шымкент қаласында «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жалпы саны 116 пәтерге өтінімдер қабылдау басталды.

Конкурсқа өтініштерді қабылдау мерзімі 22.06.2023 жылдан бастап 18.07.2023 жыл аралығында жүргізіледі.

Аталған конкурсқа 2022 жылы "Бақытты отбасы" бағдарламасының конкурсына қатысып, негізгі тізіміне кірмеген, осы бағдарлама бойынша өте алмаған, яғни өткен жылдың резервтік тізімінде қалған қатысушылар өтінім бере алады. Дәл осы азаматтарға төлем қабілеттілігін растау қажеттілігі туралы ұялы телефондарына SMS хабарлама жіберілген. Яғни қатысушыға смс хабарлама келген жағдайда және төлем қабілеттілігін растап қойса, "Бақытты отбасы" бағдарламасының дәл осы конкурсына қатыса алады.

Конкурстық пәтерлер Шымкент қаласы, "Нұрсәт" шағын ауданында орналасқан 9 қабатты №13,14,15,16 тұрғын үйлерде орналасқан. Ондағы 1 бөлмелі пәтер саны - 54 пәтер, 2 бөлмелі пәтер саны 16 және 3 бөлмелі пәтер саны 46.

Өтінішті Otbasybank.kz. жылжымайтын мүлік порталында беруге болады. Несиені рәсімдеу - өтініш берушінің жинақ шотында үй құнының кемінде 10% болған кезде мүмкін болады. Аталған бағдарлама қатысушылары үшін әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негіздегі тұрғын үй сертификаттары қарастырылған.

 Айта кетейік, сертификат ҚР Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама немесе мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алыну барысындажәнеипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін әлеуметтік көмек ретіндеқайтарымсыз негізде беріледі. Қайтарымсыз 1 миллион теңге өтініш берушінің және отбасы мүшелерінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен соңғы жарты жылдағы орташа табысы 125 757 теңгеден аспаған жағдайда беріледі.

Осы мақсатта  2019 жылы 21 азаматқа, 2020 жылы 101 адамға жалпы сомасы 100 млн. теңге көлемінде берілген болатын. 2021 жылы бюджет есебінен 416 тұрғынға сертификат өтеусіз көмек ретінде беріліпті. 2022 жылы осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 500 млн теңге қаржы қаралды.


Оқылды 376 рет