Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дарxан Әбілқасымұлы мәлімдеді. Оның сөзінше, департаментпен тек газды тасымалдау қызметі реттелуде.
2018 жылдан бері атқарылған жұмыстардың нәтижесінде тасымалдау тарифтері 9028 теңгеден 5173,85 теңгеге дейін төмендетілді.
Осының арқасында, соңғы тарифтер де төмендетілді. Мысалы 2018 жылы газдың бағасы 34,47 теңге болған, атқарылған жұмыстың арқасында, қазіргі таңда газдың бағасы 32,64 теңгеге дейін төмендетілді.
Ал жылуға келер болсақ, 2018 жылы жылудың бағасы 1 шаршы метрге 142,3 теңге болған, қазіргі таңда жылудың бағасы 119,65 теңгеге дейін төмендетілді.
Су мен кәріз жүйесінің бағасы 2018 жылы 1 текше метр үшін 137 теңге болса, қазіргі таңда 135,3 теңгеге дейін төмендеген.
Қазіргі таңда Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша Департаменттің құзыретіне кіретін жұмыстардың бәрі тек электрондық түрде көрсетіледі. Мысалы, мемлекеттік қызметтер, Табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдері мен есептері, арыздар және т.б.
Департаменттің бастауымен коммуналдық қызмет көрсететін Табиғи монополиялар субъектілері қосымша телеграм және ватсап желілерінде арнайы бот ашып қызмет көрсетуде. Ол жерден түбіртекті алуға, ЕҚ көрсеткішін беруге, онлайн төлеуге, алдындағы төлемдерді және т.б. көруге болады.
Бұдан бөлек, тұтынушылармен кері байланыс орнату үшін онлайн түрде 6 қоғамдық қабылдау өткізіліп, 12 мәселе қаралды және 15 азамат департамент басшылығының жеке қабылдауында болды.
Сонымен қатар, тариф белгілеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін 5 жария тыңдау, 19 тікелей эфир өткізіліп, 3 өңірлік комиссия отырысы ұйымдастырылды.
Департаментте атқарылып жатқан жұмыстар республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, Комитеттің сайтында және Департаментің ресми фейсбук парақшасында тұрақты түрде жарияланып отырады.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне 2023 жылдың 6 айында Е-өтініште 212 арыз тіркелді, оның ішінде 136-ы қаралып, толық жауап берілді.
Сондай-ақ, тұтынушылардың арызы негізінде Департаментпен 9 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның ішінде 8 тексеру бойынша заң бұзушылықтар анықталып, нәтижесінде 9 әкімшілік құқық бұзышылық іс қозғалды.
Жалпы Департамент тарапынан салынған айыппұлдардың соммасы 31 068 206 теңге болса, бүгінде оның 27 738 000 теңгесі өндіріліп алынған.
Сонымен қатар, Департамент тарапынан 8 нұсқама шығарылған. Оның ішінде 5 нұсқама орындалып, 3-і сотта қаралуда.