Сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен берілген жолдамаларға келер болсақ, әр түрлі санаттағы 144 азаматқа 18317,0 мың теңге көлемінде қаржы бөлінген. Бөлінетін жолдама мемлекеттік сатып алу жүйесі бойынша Отырар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мемлекеттік мекемесі арқылы жүргізілуде, және оның нәтижесі 26.05.2023 жылы анықталған.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығының 3-қосымшасы Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес Отырар ауданындағы «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету «Тең қоғам» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде екі құрылымдық бөлімше «Жалғызілікті қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету», «Мүгедектігі бар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» және «Күндізгі қатынау бөлмелері» қызмет көрсетеді:
1. «Жалғызілікті қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесі бойынша: 2023 жылы «Жалғызілікті қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесінде - 85 азамат күтімге алынған, оның ішінде
1. Жалғызілікті қарттар саны-84
2.18 жастан асқан мүгедектігі бар азамат-1. Оларға 17 әлеуметтік қызметкер арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес 7 әлеуметтік қызметтер түрін көрсетеді.
Отырар ауданы бойынша зейнеткер саны -5219, оның ішінде
1. Тыл ардагерлері-169
2. Соғыс мүгедегінің жесірлері-15
3. Батыр аналар-131, жалпы зейнеткерлер саны - 4904
4. Ауғанстан елінде әскери міндетін өтегендер -9;
5.Тәжікстан- Ауғанстан шекарасында әскери қызмет еткен -12
6.Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан - 6
7.Семей ядролық сынақ полигонында болған - 22
8.Чернобыль АЭС-да зардап шеккен – 4
9.Бейбіт заманда қайтыс болған әкеридің отбасы – 4. Осы азаматтармекемеде есепте тұрады.
8 наурыз әйелдер күні және 9 мамыр Жеңіс күні мерекесінде арнаулы әлеуметтік күтімдегі 85 жалғызілікті қарттарымызға демеуші есебінен азық түлік пакеттері мен сыйлықтар табысталды. Ай сайын еріктілермен біріге отырып, қарттардың үй-жайларына міндетті түрде тазарту, әктеу және бау бақшасына жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырады.
Түркістан облысында жылына 4000 демалушы-қарияны қабылдайтын «Ардагерлер үйі» бар. Бүгінгі таңда 2 мекемені қосқанда жылына 8 мыңға жуық ардагерге емдік-шипажай есебінде қызмет көрсетуге мүмкіндігі болса, әрқайсында бір ауысымда 200 қария ем-дом шараларын қабылдап келеді. Түркістан облысында 170 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Оның ішінде 58 мыңнан астам «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне мереке қарсаңында арнаулы әрі бір реттік қаржылай көмек көрсету туралы шешім қабылданған. Бұл орталықта 89 адам жұмыс істейді. Мұнда ҰОС мүгедектері мен ардагерлері және соларға теңестірілгендер, «Социалистік Еңбек Ері» және «Халық қаһарманы» атағына ие болғандар, тыл еңбеккерлері мен зейнеткерлері, батыр аналар мен «Алтын алқа» сондай-ақ «Күміс алқа» наградасының иегерлері, осы және өзге де санаттағы зейнеткерлер қысқа мерзімді демалуы және емделуі үшін әлеуметтің қызметтер көрсетіледі. Атап айтқанда, физиоемдеу, емдік дене шынықтыру, минералды, озокериттік ванналар, массаж, парафинмен немесе тұзбен емдеу жүргізіледі, түрлі дәрілік шөптердің қайнатпалары мен тұнбалары ұсынылады.
Қазақта «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет көрсету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз. Кешегі күні ата дәстүріміздің салты бойынша ағайын-туғаны қарттарына бар ықыласын бөліп, қолынан келгенше көмектескен. Бүгінгі күні ардагерлер мәселесі мемлекеттің қолдауында. Ардагерлер туралы арнайы заң бар. Медициналық көмек көрсету туралы денсаулық сақтау министрінің бұйрықтары бар.
Ал мүгедектерге көмек көрсету туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 жылға дейінгі жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтары жүйелі жұмыстар атқаруда. Орталықтардың қызметі егде жастағы белсенді азаматтардың санын көбейтуге, олардың өмір сүру сапасын, әл-ауқатын, денсаулығын және психоэмоционалды жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Жыл сайын зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдер көлемі ұлғаюда. Азаматтардың 20 санатына (соғысқа қатысушылар, тыл еңбеккерлері, ақталған азаматтар және т.б.) өзге де әлеуметтік төлемдерге қарамастан арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу жүзеге асырылады. 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақыны ескере отырып, ай сайын алатын әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері мынадай: ҰОС қатысушылары үшін – 193 714 теңге (289 адам), ҰОС мүгедектері үшін – 201 615 теңге (98 адам), басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері үшін (Ауғанстанда, Вьетнамда, Алжирде, Египетте, Иракта және т.б.) – 205 041 теңге (24 943 адам), ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар үшін – 161 174 теңге (3 886 адам), ҰОС мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар үшін –124 409 теңге (14 780 адам), ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне – 132 060 теңге (69 248 адам). Екіншіден, ардагерлерді әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары көрсетілуде. Олардың барлығы әскери қызметшілер үшін қолданылатын құқықтар мен кепілдіктерге ие. Салық салу бойынша жеңілдіктерді пайдаланады, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мамандандырылған госпитальдарда білікті медициналық көмек көрсетіледі, санаторлық-курорттық емдеу ұсынылады.
Сондай-ақ ол жергілікті атқарушы органдар бюджет және тартылған (демеушілік) қаражат есебінен ардагерлерге қиын өмірлік жағдайда қалғанда немесе мерекелік (естелік) күндерге материалдық көмек түрінде қосымша әлеуметтік қолдау түрлерін көрсетіліп келеді.
Былтыр Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне ҰОС жеңісіне үлес қосқан азаматтардың барлық көрсетілген санаттары үшін материалдық көмектің ең төменгі кепілдендірілген шегін белгілеуді ұсынды. Нәтижесінде, барлық өңірде ҰОС қатысушылары мен мүгедектері үшін біржолғы материалдық көмек кемінде 1 млн теңге (Ақтөбе облысында – 2 млн теңге) көлемінде көрсетілді. Концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына – кемінде 100 мың теңге. Қоршаудағы Ленинград тұрғындары мен ҰОС кезінде қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне – кемінде 60 мың теңге. Ұлы Отан соғысында қайтыс болған мүгедектердің әйелдеріне және тыл еңбеккерлеріне кемінде 30 мың теңге берілді.
Мемлекет әлеуметтік заңнаманы жетілдіру бойынша тұрақты негізде шаралар жүргізуде. Осылайша, 2020 жылы «Ардагерлер туралы» заң қабылданды, онда ардагерлерге берілетін жеңілдіктер мен кепілдіктер шоғырландырылды. Ол жаңадан енгізілген ардагерлер санаттарының ішінен 11 мың адамға ай сайын арнайы мемлекеттік жәрдемақы алуға, сондай-ақ ардагерлер үшін барлық жеңілдіктер мен кепілдіктерді пайдалануға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, 2021 жылы «Ардагерлер туралы» заңға зейнеткерлік жасқа толған, жалпы жұмыс өтілі 40 жылдан астам, оның ішінде бір салада кемінде 10 жыл, сондай-ақ еңбек қызметінде ең жоғары нәтижелерге қол жеткізген – «Еңбек ардагері» медалімен наградталған адамдарды еңбек ардагерлеріне жатқызуды көздейтін өзгерістер енгізілді. Осы жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шеңберінде Таулы Қарабақтағы жауынгерлік іс-қимылдар кезеңін 1991 жылдың соңына дейін ұзарту көзделіп отыр. Нәтижесінде, этникааралық қақтығысты реттеуге қатысқан тағы 593 әскери қызметші ардагер мәртебесін алады.
«AQ-QARA.KZ» -ақпарат»