Сенбі, 17 Маусым 2023 16:02

Отырар ауданында мүгедек жандарға әлеуметтік қызмет көрсету жоғары деңгейде

Бүгінде Отырар ауданында «Мүгедектігі бар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесі бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге есепке алынған қызмет алушылар саны – 92 адамды құрап отыр. Оның ішінде 55 мүгедек балалардың тірек – қимыл аппараты бұзылған, 27 психоневрологиялық ауытқуы бар және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар 10 мүгедектігі бар азамат қамтылған. Қызмет алушыларға 17 әлеуметтік қызметкер бекітілген.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығының 2-қосымшасы "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары негізінде «Мүгедектігі бар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесі арқылы қызмет көрсетіледі.

Ал, «Күндізгі қатынау» бөлмесі бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығына қосымша Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидалары 2-тарау  4 тармағына сәйкес мекемеде мүгедектігі бар балаларға арналған бөлме ашылған. «Күндізгі қатынау» бөлмелері жихаздармен, төсек жабдықтарымен, арнайы ойын құралдары мен ойыншықтармен жабдықталған. Балаларға әлеуметтік маман, логопед, педагог-психолог мамандар қызмет көрсетеді. Балаларға жеңіл ас мәзірі, яғни, жеміс-жидектер, сусындар және сүт өнімдері қарастырылған. «Күндізгі қатынау» бөлмелеріне жеке оңалту бағдарламасында көрсетілген 25 мүгедектігі бар бала қызмет алады.

Қазіргі таңға 2023 жылға оның ішінде:

- «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметі бойынша- 90 өтініш түсіп, орындалған;

- Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу қызметі бойынша 32 азаматтан өтініш түсіп 47 құралмен;

- Мүгедектігі бар адамдарға техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу қызметі бойынша 238 азаматтан өтініш түсіп, 530 құрал түрімен;

- Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарды ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу қызметі бойынша ымдау тілі маманының қызметіне мұқтаж 9 азаматтан өтініш түсіп, ымдау маманы қызметі көрсетіледі;

- Мүгедектігі бар адамдарды жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу қызметі бойынша 23 азаматтан 37 қол арбаға өтініш түскен;

- Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу қызметі бойынша 264 азаматтан өтініш түскен;

- Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу қызметі бойынша 2 азаматтан өтініш түскен;

- Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу қызметі бойынша 6 азаматтан өтініш түсіп көмек түрлерімен қамтамасыз етілуде.

Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінен ұсынылған жеке оңалту бағдарламасының жалпы саны-1992. Мүгедектігі бар азаматтар ұсынылған оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес қызмет түрлерін алу «Әлеуметтік қызметтер порталы» (aleumet.egov.kz)арқылы жүргізіледі.

Жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайы қол арба көтергіші бар құрылғылармен жабдықталған «Инватакси» арнайы көлігі тасымалдау қызметін көрсетуде. «Инватакси» көлігі мекеме балансына мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес 2019 жылы алынған. Қызмет алушылар диализ сырқаты бар мүгедектігі бар азаматтар, көруі нашар І-топ мүгедектігі бар азаматтар, қол арба пайдаланушылар мен тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар. Диализ сырқатымен ауыратын мүгедектігі бар азаматтарды аудандық ауруханада орналасқан емдеу орнына тасымалдайды. Ем қабылдау тұрақты түрде аптасына үш рет. Көруі нашар мүгедектігі бар азаматтар жұмыс орнына, бару пунктеріне тасымалданады. Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар ауруханаға, Шымкент қаласындағы протез-ортопедиялық «Көгершін» орталығына тасымалдайды.

Мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік инфрақұрылымдық нысандарға кедергісіз кіріп-шығуы үшін қолжетімді орта жасау мақсатында 2023 жылға 18 нысан жоспарға қойылып, қазіргі таңда бейімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Қолжетімділіктің негізгі көрсеткіштері: мүгедектігі бар азаматтарға арналған автотұрағы, нысанға бару жолдары, нысанға кіреберісі, (яғни, пандус, қол ұстағышы), нысан ішіндегі жүру жолдары, қызмет көрсету орындары, санитарлық орындары болып саналады. Мекемеде есепте тұратын барлық санаттағы осал топтағы азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатындағы жұмыстар ұдайы жалғасын табады.

Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау әлеуметтiк қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудiң, олардың тiршiлiк-тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайтын «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

Мүгедек – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам.

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі қолданылады:

- әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер түрінде мемлекеттік көмек және қолдау;

- өтемақы жоғалған ағза функцияларының, әлеуметтік оңалтуды техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету жолымен және әлеуметтендіру деңгейін арттыру мақсатында, мүгедек адамдар  жеке көмекші және ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтылады.

Оңалтудың техникалық көмекші құралдардың тізбесі заманауи сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдарды қоса (есту қабілеті бұзылған адамдарға веб-камерасы бар ноутбук, сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук, көру қабілеті бұзылған адамдарға дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефондар және т.б.) 55 түрі бар атаудан тұрады.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесінің бір бағыты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету болып табылады. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға, оның ішінде қарт адамдарға, мүгедектерге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, адам саудасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі көрсетіледі , оған 8 қызмет түрі кіреді.

Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру шеңберінде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің бизнес-процесінің, сондай-ақ мүгедектікті белгілеуге байланысты қызметтердің өзгеруі жүргізілуде. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу нәтижелері бойынша мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының іс-шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға жүгіну қажеттілігін қоспағанда, ақпараттандырылған келісімімен белсенді форматта өтінішсіз 8 мемлекеттік қызмет көрсетілуі мүмкін.

Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін паспорттау және бейімдеу жолымен кедергісіз ортаны қалыптастыру бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде, мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша белсенді шаралар қабылдануда және білім беруде жеңілдіктер ұсынылады. Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдардың проблемаларын ұлттық деңгейде тиімді шешу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі 2005 жылы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында Үйлестіру кеңесін құрылды.

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және экономикалық құқықтарын қамтамасыз етуге , қорғауға және дамытуға қосымша кепілдіктер жасады , сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы құқықтық реттеу мен практикалыққызметті одан әрі жетілдіру үшін бағдар болды.

Қоғамда мүгедек жандарға қамқорлық жасауды әлеуметтік саладағы басты міндеттердің бірі ретінде үнемі айтып келеді. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі де осы бағытта күнделікті қызметін жалғастырып, адам-дардың өздерін қоғамымыздың толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне жағдай жасауға ұмтылуда. Қоғамдағы осы топтағы адамдардың тіршілік ету сапасын жақсарту — мемлекеттік саясаттың ба­сым бағыттарының бірі болып белгіленуде. «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аясында, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республи­касы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес жеке оңалту бағдарламалары негізінде мүмкіншілігі шектеулі жандар сурдотехникалық, тифлотехникалық, протездік-ортопедиялық құралдармен, міндетті гигиеналық құрал-дармен, санаторлық – курорттық еммен, сондай-ақ жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

Сурдотехникалық құралдар – есiту кемiстіктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға арналған техникалыққұралдар, оның iшiнде байланыс пен ақпарат берудi күшейтетін құралдар.

Тифлотехникалық құралдар – мүгедектердiң көру кемiстiгi нәтижесiнде жоғалтқан мүмкiндiктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталєан құралдар.

Протездік – ортопедтік құралдар – қол мен аяқты неме­се дененiң басқа да мүшелерін алмастыратын, аурудың не­месе денсаулықтың бұзылуы салдарынан организмнiң бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толты­ратын құралдар.

Міндетті гигиеналық құралдар – табиғи физиоло-гиялық қажеттiлiктер мен мұқтаждықтарды қанағат-тандыруға арналған құралдар және де олардың мүгедектерге мынадай түрлері берiледi: тiрек – қозғалыс аппаратының бұзылушылығы бар мүгедектерге жөргектер, несепжыныс жүйесiнің бұзылушылығы бар мүгедектерге несеп қабылдағыштар, iшек ауруы бар мүгедектерге нәжіс қабылдағыштар, сіңіргіш жайма (жаялық), стоманың маңайындағы теріні қорғайтын және тегістейтін герметикалық-паста, қорғаныш крем, абсорбациялық ұнтақ (пудра), иісті бейтараптандырғыш жыл сайын, санитарлық қондырғысы бар орындық, жуынатын және дәретхана бөлмесіне арналған ұстағыш – тұтқа 5 жыл мерзімге беріледі.

Арнаулы жүріп – тұру құралдары: арнаулы жүріп – тұру құралдары деп мүгедектердiң белсендi және баяу жүріп – тұруы үшiн техникалық көмек көрсету түрi деп кресло – арбалар ұсынылады. Бөлмелiк кресло-арбалар мүгедектерге жетi жыл, серуендiк кресло – арбалар – төрт жыл пайдалану мерзiмiне берiледi.

Санаторий – курорттық ем­делумен қамтамасыз ету мүгедектер мен мүгедек балаларға мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий – курорттық жолдама беру арқылы жүзеге асырыла­ды.

Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері жүріп -тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке оңалту бағдарламасына сәйкес көрсетіледі.

Ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтері естімей-тіндігі бойынша мүгедектер үшін жылына отыз сағат жеке оңалту бағдарламасына сәйкес көрсетіледі.

Жоғарыда көрсетілген құралдарды және қызметтерді алу үшін құжаттарды ресімдеу бойынша Отырар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келіп жүгінуге бола­ды.

Мүгедек адамдар нені білуі керек?

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту саласында қызмет түрлерін, оның ішінде еңбек, кәсіби даярлық және қайта дайындық, еңбек қабілеттілігін қалпына келтіру және жұмысқа орналасуға еркін таңдау құқығы бар.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  9 -бабының 6 - тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы орган ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу жолымен халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді

Квота төмендегі жұмыскерлердің тізім санымен жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастыруымен белгіленеді:

жұмыскерлердің тізім санымен 2% мөлшерінде – 50-ден 100-ге дейінгі адамдар;

жұмыскерлердің тізім санымен 3% мөлшерінде – 101-ден 250-ге дейінгі адамдар;

жұмыскерлердің тізім санымен 4% мөлшерінде – 251-ден жоғары адамадар.

Сонымен бірге, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ мүгедектердің саны жұмыскерлердің орташа жылдық санының жиырма пайызынан астамын құрайтын ұйымдарға квота белгіленбейді.

Елді мекендерде еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ еңбек етуге қабілетті жастағы мүгедектер болмаған кезде, аталған елді мекендердің аумағында орналасқан ұйымдарда квота белгіленбейді.

Осы квота зейнет жасындағы тұлғалар үшін рұқсат етілмейді.

Мүгедектігі бар жұмыскерлерді түнгі уақытта жұмысқа тартуға медициналық қорытындыға сəйкес денсаулық жағдайына байланысты мұндай жұмысқа тыйым салынбаған жағдайда олардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.

Мүгедектігі бар адамдар үстеме жұмысқа жіберілмейді.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мүгедек адамдар халықтың басқа да осал топтарымен қатар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарынан басым тәртіппен өтуге, бизнес-идеяларды іске асыру үшін 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтеусіз негізде грант алуға құқылы, субсидияланатын және субсидияланатын қызмет түрлеріне жұмысқа орналасады. жұмыс орындары (әлеуметтік, қоғамдық жұмыс орындары, жастар практикасы).

Мүгедектігі бар адамға жоғарыда көрсетілген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын алу үшін тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет.

Мүгедектігі бар азаматтарға жұмыс табу жолдары қандай?

Бос жұмыс орындары мен жұмыс орындарына квота

Жақсы, қолайлы жұмыс табу қай кез болса да, оңай мәселе емес. Әсіресе, денсаулығында сыр бар адамдарда бұл қиынға соғады. Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға жұмыс табу жолдары қандай, жұмыстың қандай түрлері ұсынылады, еңбекке, кәсіпке баулитын қандай бағдарлама жұмыс істейді? Төменде осы сауалдарға жауап іздеп көрдік.

Электрон еңбек биржасы

Мүгедектігі бар азаматтарға жұмыс табудың ең қарапайым жолының бірі – электрон еңбек биржасынан – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің enbek.kz сайтынан бос жұмыс орындарын іздеу. Мұнда мүгедектігі бар азаматтарға арналған бөлек бет бар. Сайтта түйіндемеңізді жариялауға, «Жеке кабинет» ашуға, жұмыс берушілерге өтініш қалдыруыңызға болады.

Дәл қазіргі уақытта электрон еңбек биржасында осы санаттағы адамдар үшін барлық облыс бойынша 1098 хабарландыру, 5644 бос орын жарияланған. Сайтта сүзгінің түрлі функциясын қолданып, өзіңізге қолайлы нұсқасын табуыңызға болады. Мысалы, толық емес жұмыс күні, қашықтан жұмыс істеу, аусымды, уақытша, тұрақты деген сияқты нюанстарды ескеріп, бос жұмыс орындарына сүзгі жасай аласыз. Сонымен қатар ұсынатын айлықтың төмен-жоғары көрсеткіші бойынша да іріктеуіңізге болады.

Электрон еңбек биржасында Skills Enbek бөлімі бар. Мұнда түрлі курс, еңбек нарығында құндылығын арттырғысы келетіндерге арналған тегін, промо сабақтар бар. Кез келген қолданушы сайтқа тіркелгеннен кейін курстарды қарап, білім ала алады. Сондай-ақ платформада «Үздік 100 кәсіптің» тізімі берілген.

Жұмыспен қамту орталықтары

Тағы бір нұсқа – жергілікті атқарушы органның Жұмыспен қамту орталығына хабарласу. Орталықтарда осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастырумен айналысатын бөлім бар. Олар мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуды мына жолдармен қамтамасыз етеді:

қызмет орындарының жалпы санының 3% мөлшерінде мүгедектерге жұмыс орындарынан квота бекіту;

жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құру;

арнайы, сонымен қатар мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру;

мүгедектерді кәсіби оқыту ұйымдары арқылы.

Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер үшiн аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгiленедi. Ұзақтығы кемінде күнтізбелік 6 күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы берiледi.  Түнгі уақыттағы жұмысқа тек мүгедектік бойынша келісімімен, оның денсаулығына мұндай режим тыйым салынбаған жағдайда жіберіледі.

Еңбек келісімшартын жасаудан және қызметін өсіруден бас тарту, басқа жұмысқа ауыстыру тек мүгедектің келісімен жүзеге асуға тиіс. Егер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы облыстағы өкілетті органның аймақтық бөлімшелерінің қорытындысы бойынша оның денсаулығы кәсіби міндеттерді атқаруға келмесе, денсаулығына қауіп келсе және өзге тұлғалардың еңбек қауіпсіздігіне қайша келсе жоғарыда аталған шаралар керісінше іске асады.

Мүгедектігі бар азаматтар үшін жұмыс орындарына квота

«Халықты жұмыспен қамту туралы» заңның 9-бабының 6-тармақшасына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиян, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының 2%-дан 4%-ға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу арқылы халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді.

Квотаны жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің тізімдік саны бар ұйымдарға белгілейді:

● 50-ден 100 адамға дейін – қызметкерлердің тізімдегі санының 2% мөлшерінде;

● 101-ден 250 адамға дейін – қызметкерлердің тізімдегі санының 3% мөлшерінде;

● 251 адамнан жоғары – қызметкерлердің тізімдегі санының 4% мөлшерінде.

Бірақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне, қызметкерлердің орташа жылдық саны 20%-дан астамы мүгедектігі бар адамды құрайтын ұйымдарға квота белгіленбейді.

Елді мекендерде еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ еңбек етуге қабілетті жастағы мүгедектер болмаған кезде, бұндай елді мекендердің аумағында орналасқан ұйымдарда квота белгіленбейді..

Бұл квота зейнеткерлік жастағы адамдарға қолданылмайды.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде мүгедектігі бар тұлғалар халықтың басқа да осал топтарымен қатар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарынан басым тәртіппен өтуге, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға, бизнес-идеяларды іске асыруға 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтеусіз негізде микрокредиттер мен гранттар алуға, сондай-ақ қоғамдық, әлеуметтік, бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға құқылы.

Егер азаматтың бағдарламаға қатысуға ниеті болса, тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіру қажет немесе «Электрон еңбек биржасы» порталына жүгінуі қажет.

Сонымен қатар І және ІІ топтағы мүгедектер мен мүгедек-балаларға білім саласы бойынша 0,5 пайыздық кәсіби және жоғары білім алуларына берілетін квота қарастырылған. 

Egov.kz

Азамат Еgov.kz электрон үкімет порталына жұмыс іздеуші ретінде де тіркеле алады.  

Ол үшін сайттағы «Жұмыс іздеушілерді тіркеу» қызметін пайдалану керек. Қызметке тапсырыс беру барысында жұмыс іздеуші 3 кезеңнен өтеді:

1) жеке ақпарат беру;

2) өтінішті толтыру;

3) қызметке қол қою.

Өтініш сәтті жолданғанының белгісі ретінде жеке кабинетіңізге хабарлама келеді.

Бос жұмыс орындарын жариялайтын өзге де сайттар

Кейбірінде мүгедектігі бар азаматтар үшін арнайы бөлімі болмаса да, қолданушы бұл сайттардан да өзіне сай келетін жұмысты таба алады. Әрқайсының жұмыс істеу алгоритімі әртүрлі. Дегенмен сүзгі жасау функциялары ұқсас. Соған байланысты азамат өзіне қолайлы нұсқаны іздеп көре алады:

Hh.kz

Market.kz

Jumys.sitcen.kz

Zarplata.kz

Jooble 

Qyzmet.kz

Joblab.kz

Olx.kz

Naimi.kz

Арнайы еңбек стандарттары қандай болуы керек?

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы бұйрығымен  (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013913) жұмыс орнын ұйымдастырудың арнайы стандарттары қабылданған. Сол бойынша кез келген ғимаратта мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділік стандарттары қарастырылуы қажет. Міндетті түрде пандус, лифт, тактильді тақта болуы керек. Кез келген ғимарат иесі осы шарттарды қамтамасыз етуі керек.

«Мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орындары» бағдарламасы бар. Жұмыс беруші мүгедекті жұмысқа қабылдағалы жатқанда, ол үшін арнайы жұмыс орнын ұйымдастыра алады. Мүгедектер арбасына бейімделетін эргономикалық үстелді, осы қызметкерге ғана жарамды жабдықты, Брайль пернетақтасы бар компьютерді және Брайль әрпімен басып шығаруға арналған принтерді сатып ала алады. Сондай-ақ арбамен жүруге қанша орын белгіленуі керегін анықтайтын стандарттар бар. Жұмыс беруші қажет құрал-жабдықты сатып алғанын растайтын құжаттарды көрсетеді, бағдарлама бойынша оған жұмсалған ақша өтеледі. Бірақ мүгедектігі бар адам сол ұйымда бір жыл жұмыс істеуі керек. Егер ол жұмыстан шықса, бағларлама бойынша бос жұмыс орнына басқа кандидат ұсынылады.

«AQ-QARA.KZ» -ақпарат»

Оқылды 462 рет