Жалпы биыл отырарлық дихандар жаз айларында су тапшылығының салдарынан бос жатқан 160 га алқапқа түрен салып, күзгі бидай еккен болатын. Күз және көктемгі мезгілде мол ағын суды тиімді пайдаланған «Біржан-2» ЖШС, «Ақсақал», «Сағындық-М», «Әшірбай» шаруа қожалықтары аңқасы кепкен даланы жасыл желекке бөлеп, мол өнім алуды көздеп отыр.
Бұл дегеніңіз нағыз еңбек адамының ерлігі десе де болғандай. Себебі, Отырар ауданының дихандары бұрын-соңды бидай дақылын егіп көрмеген еді. Оның себебі де жоқ емес, Отырардың топырағын көп жылдар бойы ғалымдар бидай егуге жарамсыз деп келген болатын. Десе де, отырарлық нағыз еңбек адамдары қалыптасып қалған осынау тұжырымның қате екенін дәлелдеуді жөн деп тапқанға ұқсайды. Аудан әкімі С.Сұлтанханов аралау барысында тың тәжірибені аудандағы өзге ауыл округтерінің дихандары да қолға алу керектігін айтып, бұл жоба аймақтағы су тапшылығын жоюдың ең тиімді әдісі болатынын атап өтті.
Мұнан соң ауыл округіндегі көне тұрмыстық заттар мен тарихи жәдігерлерді жинап кішігірім музей үйін жасаған Жұмахан Әбдіқадіровпен кездесіп, тарихты сөйлеткен құнды заттарды сақтау мәселелерін талқылады. Кездесуде ауыл тұрғыны жинақтаған жұмыстарын сақтап қалу мақсатында аталған жәдігерлер мемлекет бақылауына алынып, жай берілсе деген ұсынысын жеткізді. Аудан басшысы аталған мәселені саралай келе алдағы уақытта өлкетану ғылыми орталығын ұйымдастырып, жауапты мамандармен кеңесе отырып осы орталықтан жай беру жағдайын қарастыратынын айтты.
Одан әрі ауыл тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Кездесуде ауыл қариялары Базарбай Дайрабаев, Нұрқұл Ердемқұл, Есенбай Шынтерековтер ескірген ауыл округі әкімшілігінің ғимаратын жөндеу, Отырар елді мекенінің ауыз жүйелерін жаңарту, көрші ауылдардың малдарының егістік танаптар жиі түсуін тоқтату секілді бірқатар мәселелерді көктерді. Аудан әкімі айтылған мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тапсырмалар беріп,аталған жұмыстардың орындалуын өз бақылауына алатынын ескертті.
«Ауылына қарап азаматын таны» деп дана халқымыз атап өткендей ауылдағы іргелі істерге себепші болып жүрген азаматтың бірі Темір ауылының тұрғыны Божаев Дүйсенбек. Ауыл халқын ынтымақ-бірлікке шақырып, жастарды туған еліне, туған жеріне қызмет етуге үндеп жүрген өнегелі қария өз демеушілігімен балаларға арналған ойын алаңшасын салып беруде. Бүгін аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов ауыл халқымен кездесу барысында аталған ойын алаңшасының құрылысын көріп, балалардың қуанышын еселеп, ауылдағы салауатты өмір салтын насихаттауға, ауылды көркейтуге атсалысқан азаматтарға шынайы алғысын жеткізді.
Темір ауыл округі тұрғындары үшін жағымды жаңалықтың бірі көптен күткен көгілдір отынға қол жеткізуі еді. Ағымдағы жылы газдандыру жұмыстары аяқталып, ауыл халқы толық газға қосылады деген жоспар бар. Ауыл округіндегі газдандыру жұмыстарының құрылысы барысымен танысқан аудан әкімі мердігерлерге жұмыс сапасының маңыздылығын ескертіп, ауыл әкіміне тұрғын үйлерге кіретін ішкі жүйелерді қосу жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды.
Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында ауыл қариялары Өксікбай Мырзабай, Амантай Төрехан, Бекетау Жүсіптер ұсыныс-пікірлерін айтып, малдарға қашырым пунктін салу, ауыз судың тұрақты берілуін қамтамасыз ету, тұрғын үйлерге қойылған газ өлшеуіш құрылғыларының жарамдық мерзімінің өтуі секілді мәселелер бойынша сауалдарын қойды. Аталған мәселелер туралы жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеп, тиісті шешімдер қабылданатынын жеткізді.
Екі ауыл округіндегі кездесулерден соң аудан басшысы Сәкен Асылханұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдады. Қабылдауға келген азаматтардың жайылымдық жер, ауыз су, жұмыссыздық секілді мәселелер бойынша айтқан өтініштеріне заң аясында жауап берді.
Өздеріңіз білетіндей, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында кәсіби маманның қадірін білу керек екенін, еңбекқор адам мемлекетті дамытатынын баса айтты. «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Мен Ұлттық құрылтайда және «Жастар рухының» съезінде бұған арнайы тоқталдым. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды. Жастар нақты бір мамандықтың қыр-сырын жетік білуге ұмтылғаны жөн. Өз саласының шеберіне әрдайым сұраныс болады. Өскелең ұрпақ Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде бәсекеге қабілетті болуы керек. Көрші мемлекеттің азаматтары шетелге барып, жұмыс талғамай еңбек етіп жатыр. Олар біздің елде де өте жақсы табыс тауып жүр. Дәл осындай жандардан үлгі алу керек. Шын мәнінде, ең бастысы – адал еңбек. Біз мұны жете түсінетін ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз. Идеология жұмысында осыған баса мән берген жөн», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Иә, еңбек – қашан да қадірлі. «Адамды адам еткен – еңбек» деген қағиданы былай қойғанда, еңбексіз нәпақа, күнкөріс жоқ. Кеңестік қоғамда «Коммунизм құрылысшысының моральдік кодексі» деген болды. Онда алдымен еңбек бірінші орынға қойылып, еңбек адамының құқығы басты назарға алынды. Рас, еңбек пен еңбек адамы қазір де билік назарында. Бірақ бұл жолы «Еңбек» деген анықтаманың орнын «шағын және орта бизнес» деген ұғым басты. Нақты еңбектің өзіне деген ұғым, түсінік, қоғамдық пікір өзгерді. Қазір еңбектің «сауда-саттық» деген түсінікке айналған да жайы бар.
Бұқаралық ақпарат құралдары да соңғы кезге дейін еңбекті осы тұрғыдан қабылдап, осы тұрғыдан насихаттап келді. Алайда саналы адамның адам болуына тікелей әсер еткен осы ұлы материяның сипаты мен маңызы қашан да тұрақты болуға тиіс. Қазақстан тарихындағы соңғы реформаларға сәйкес еңбек адамына деген, жалпы еңбекке деген көзқарас бастапқы арнасына бұрылып, қамқорлыққа бөлене бастағанын аңғарып жүрміз. Әрі ол, шын мәнісінде, оңтайлы құбылыс. Қазіргі қоғамдағы прогрессивті реформаларға қарағанда осыдан бастап еңбек пен еңбек адамына деген көзқарастың оңтайлы арнаға түсетінін байқауға болады. Сондықтан баспасөз – еңбек пен нағыз еңбек адамын басты назарда ұстауы керек.
Қазақстанда «Еңбек адамы» тұжырымдамасы қалыптасқалы бері көптеген жобалар іске асырылғаны анық. Осы орайда өңірлерде қарапайым еңбек адамының қызметі еленіп, жергілікті билік оларға жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетуге білек сыбана кіріскен. Жалпы республикада бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Еңбек адамы мәртебесі жеткілікті деңгейде бағаланып отыр ма?
Елімізде «Еңбек адамы» мәртебесін нығайту жөніндегі кешенді жоспар түзілген. «Еңбек адамы» тұжырымдамасын қалыптастырып, қарапайым еңбек құндылығын дәріптеуде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне зор міндет жүктеліп отыр. Мәселен, қос ведомство еңбек құндылығы идеологиясын қалыптастыру мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірлеген. Оған сәйкес, қоғамда адал және жасампаз еңбек идеологиясын, кәсібилік дағдыларды ілгерілету, қоғамдағы еңбек адамының беделін арттыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте министрлік республикалық және өңірлік деңгейде түсіндіру және ағарту жұмыстарын жүргізу жөніндегі іс-шараларды өткізіп жатыр. Бұған қоса, ведомство өкілдері 200-ден астам медиа-жоба жүргізуді қамтитын еңбек құндылықтарын ілгерілету жөніндегі медиастратегия әзірленгендігін айтады. «Кешенді жоспарды іске асыру аясында ҮЕҰ, еңбек ардагерлерін, жастар ұйымдарын, сарапшыларды және басқа да ұйымдарды барынша тарту жоспарлануда», - дейді министрлік өкілдері.
Қазақстанда «Еңбек адамы» мәртебесі қалай қалыптастырылуда дейтін сауалға келсек, «Еңбек адамы» мәртебесін қалыптастырып, оның қоғам алдындағы беделін өсіру мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек жолы» республикалық конкурсын өткізеді. Байқаудың басты мақсаты - еңбек адамдары туралы қоғамда оң пікір қалыптастырып, оларды адал және жоғары өнімді еңбекке ынталандыруға ықпал ету болып отыр. Сонымен бірге, ол өңірлік және республикалық деңгейде үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтауға бағытталған. Анықталғандай, байқау жеңімпаздары үш аталым бойынша бақ сынаспақ. Олар: «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас қызметкері». Ал байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі Еңбек күнін мерекелеуге арналған «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына» республикалық форумында марапатталған. Сондай-ақ аталған форумда еңбек ардагерлеріне «Еңбек ардагері» медалі табысталған.
«Мұндай ауқымды шаралар еңбек тұрғындардың ел экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтардың жетістіктерін дәріптеу, жастарға еңбекке құрметпен қарау, қарапайым еңбек адамының қызметін бағалауға жол ашады», - дейді құзырлы ведомство өкілдері. «Еңбек адамы» мәртебесін қалыптастыруда «AMANAT» партиясының да атқарып отырған рөлі зор екенін айта кеткен жөн. Партияның өңірдегі филиалдары тұрақты түрде түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, түрлі еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп тұрады. Мұндай басқосуларда еңбек ұжымдары өздерінің мәселелерін айтып, халық қалаулыларына талап-міндеттерін жеткізіп жатады. Бастысы аталған талаптар еске алынып, басым көпшілігінде өз шешімін тауып жатады.
Таяуда Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов қарапайым еңбек адамдарымен кездесу үшінҚарғалы, Темір ауыл округтеріне барды. Алдымен Қарғалы ауылындағы егістік алқапта болып, бидай егуді қолға алған шаруалардың жұмысымен танысты.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»