Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырым. Оның ішінде асфальтбетон жабынды – 2189,5 шақырымнан тұрады, қазіргі уақытта шағал тас – 935,6 шақырымды, топырақ жол 122,5 шақырымды құрайды. Бүгінде қаладағы асфальт жолдың жақсы және қанағаттанарлық үлесі 68,1% пайызға тең.
Қаламызда жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында жыл сайын басымдылық берілуде.
Мәселен, 2020 жылы жол құрылысы саласынада 225 нысан немесе 283,8 шақырым жол жөндеуден өтті.
2021 жылы 137 нысан немесе 189,7 шақырым жолға құрылыс жұмыстары жүргізілді.
2022 жылы автомобиль жолдары саласында 158 нысанда немесе 287,8 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тапсырылды.
2023 жылдың 6 айдың қорытындысымен 31,2 шақырым жол жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін жоспарға сәйкес 280 нысан немесе 304 шақырымға дейін жетеді.
Осылайша, биылғы жылдың соңына дейін қала жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2% пайызға жеткізу көзделген.Айта кетейік, шаһар басшысы М.Дүйсенбекұлының тапсырмасына сәйкес жыл басында қала аумағындағы жолдардың сапасын арттыру мақсатында арнайы мониторинг жасалған болатын. Талдау нәтижесінде жөндеуді қажет ететін 20 магистраль көшеге биыл орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Жыл соңына дейін жөндеуден өтетін нысандардың тізіміне:
1. Д.Қонаев даңғылы
2. Тәуке хан көшесі (Сайрам көшесінен “Корпарация Береке” ЖШС базасы маңындағы айналма жолға дейін)
3. Қазыбек би көшесі
4. Желтоқсан көшесі (Бейбітшілік көшесінен Қонаев даңғылына дейін)
5. Назарбеков көшесі
6. Аймауытов көшесі
7. Көшеров көшесі
8. Тыныбаев көшесі
9. Қабанбай батыр көшесі (Ордабасы алаңынан ТЖ вокзалына дейін)
10. Анаров көшесі (ТЖ вокзалынан Жансүгіров көшесіне дейін)
11. Жансүгіров көшесі
12. Абай даңғылы
13. Исмайлов көшесі (Рашидов көшесінен Қорғасын айналмасына дейін)
14. Алпысбаев көшесі
15. Еділбаев көшесі Ақжайық ш/а
16. Пазиков көшесі Шапағат ш/а
17. Измир көшесі
18. Шанин көшесі
19. Байтіленов көшесі
20. Үркімбаев көшесі
21.Орынбаев көшесі енген.