2023 жылы Тұран ауданында барлығы 22 көшені жарықтандыру жоспарланса, бүгінде 11 көшеде құрылыс жұмысы аяқталды.
Олар:
1. Әбдраимов (Жанаталап шағын ауданы)
2. Ақтас т/а орталық көшесі
3. Народовольцев (112-шағын ауданы)
4. Отырар шағын ауданы Ішкі орам көшесі
5. Ескендіров (кіші Самал шағын ауданы
6. Әбсеитов (кіші Самал шағын ауданы)
7. Чехов көшесі
8. Аққыстау (Қазығурт шағын ауданы)
9. Балапан Ата (4 шағын ауданы)
10. Спорт шағын ауданы Ішкі орам көшесі
11. Аққыстау – Құрсай елдімекені
Сондай-ақ, жыл соңына дейін 11 көшенің құрылысы аяқталатын болады. Олар:
1. Әбдрайымұлы (Самал-1 шағын ауданы)
2. Қойбағаров көшесі
3. Металлист – орталық көше
4. Бөгенбай батыр көшесі – Қазығұрт шағын ауданы
5. Мүсірепов көшесі – Қазығұрт шағын ауданы
6. Бақытты көшесі – Қазығұрт шағын ауданы
7. Қызылқұм көшесі – Қазығұрт шағын ауданы
8. Ақтас елді мекеніндегі атауы жоқ көше
9. Айдарқұлов – Жаңаталап елдімекені
10. Таңатар - Құрсай елдімекені
11. Қармақшы – Құрсай елдімекені
Айта кетейік, бірінші кезекте әлеуметтік нысандар орналасқан (мектеп, балабақша, емхана және т.б.) қоғамдық көліктер қатынайтын орталық көшелер жарықтандырылатын болады. Шымкент қаласы бойынша 2023 жылы 106 көшені жарықтандырып, қамту көрсеткішін 70 пайызға өсіру жоспарға қойылған.
Естеріңізге сала кетсек, Шымкент қаласында 2020 жылы 39 көше жарықтандырылып, қаланы қамту көрсеткіші 24 пайыздан 29,5 пайызға өскен еді. 2021 жылдан бастап қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында 104 көшеге жарықшамдар қойылды. Нәтижесінде 747 көшенің 324-і жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 43,4 пайызға жетті. Қосымша 12 көшенің жарықшамы қайта жөнделді. 2022 жылы да аталмыш жоба аясында 102 көше жарықтандырылды. Жұмыстар кезең-кезеңімен жыл соңына дейін жүргізілді. Нәтижесінде 2022 жыл қорытындысына сәйкес Шымкент көшелерінің 57 пайызын түнгі жарықпен қамтылды. 2023 жылы 106 көшені жарықтандырып, қамту көрсеткішін 70 пайызға өсіру жоспарға қойылған. Айта кетейік, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 2021-2023 жылдары 312 көшені жарықтандыру жоспарланған.