Сенбілік барысында аудан орталығы Шәуілдір ауылындағы Жібек-жолы даңғылы, М.Әуезов, Д.Алтынбеков көшелері бойындағы, көп қабатты үйлер аулалары және көше бойындағы арықтарды қоқыстардан тазарту, арамшөптерден тазалау жұмыстары атқарылды. Сенбілікке 500 ге жуық азамат қатысты.
Ауданда өткен сенбілікке 8 арнайы техника жұмылдырып, 6 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ екендігін ұмытпайық! Жалпы өзің тұрып жатқан жердің тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлықтың бір белгісі. Құрметті аудан тұрғындары, «тазалық-ауладан» деп, Отырар ауданын көркейтуге өз үлестеріңізді қосыңыздар!
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»