Жексенбі, 08 Қазан 2023 20:11

Түркістан облысы: Кентауда мектептерді жылу маусымына дайындау жұмыстары басталды

Кентау қаласында жалпы саны 40-қа жуық мемлекеттік білім беру нысаны бар. Оның ішінде 23 мектеп болса, қалған 14-і балабақша, 3 мектептен тыс мекеме бар. Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қаладағы бірқатар білім мекемелерінің нысандарын аралап, қысқы маусымға дайындық барысымен танысты.

Қаладағы орталықтандырылған жылу жүйесіне 26 білім ошақтары қосылған. Қалғаны шағын қазандықпен жылытылады. Сондай-ақ биыл 2 мектепке газ қазандықтарын орнату бойынша жұмыстар атқарылуда.

Қаладағы Д.Қонаев атындағы мектеп пен А.Молдағұлова атындағы №19 мектептің техникалық құжаттары мен жобалық сметасы жасалып, қаржы бөлінген. Бүгінде газбен жылыту жүйесін енгізу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Ал Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мектептердегі анықталған кемшіліктер бойынша жауапты мамандар жөдеу жұмыстарын жүргізіп, жаңа оқу жылына дайындап жатыр.

Соңғы мәліметтерге сай Кентау қаласында жылу маусымы 25 қазаннан басталмақ. Оған себеп – төрт қазандықтағы жөндеу жұмысы кешеуілдеп жатыр екен, және тағы төрт қазандықта дайындалған жабдық станцияға әлі жеткізілмеген.30 қыркүйектегі жағдай бойынша Кентау жылу электр орталығындағы қазандық агрегаттарында жұмыстың 85%-ы аяқталған. Бұл жөнінде Энергетика министрлігінің, Атом және энергетикалық бақылау және қадағалау комитетінің, Түркістан облысы әкімдігінің басшыларының, сондай-ақ мердігер ұйымдардың басшыларының қатысуымен өткен кеңесте белгілі болды.

«Талқылау қорытындысы бойынша зауыттарда дайындалған қажетті жабдықты жеткізу мерзімдерін, сондай-ақ қосымша көтеру тетіктерін тартуды ескере отырып, жұмыс кестесіне өзгерістер енгізілді» - дейді энергетика министрлігі. Ведомство қазандықтарды іске қосудың жаңа мерзімі белгіленгенін, 20 қазаннан бастап қосылатынын атап өтті.

Министрліктің хабарлауынша, қалада 4,7 км магистральдық жылу трассасы ауыстырылған. Сондай-ақ станцияда № 8, 9, 10, 11 қазандықтарға күрделі жөндеу жүргізілуде. Барлық бөлшектеу және дайындық жұмыстары жүргізілді, бірақ жаңа дайындалған жабдық станцияға әлі жеткізілген жоқ. Министрлік өкілдері: «Монтаждау операцияларын орындау мерзімі айналмалы жабдықтың, бекіту арматурасының және бірқатар қыздыру беттерінің жеткіліксіз жеткізілуіне байланысты кейінгі мерзімге ауыстырылады. Кестеден нақты артта қалу 14-тен 30 күнге дейін» - деп отыр.Жылыту маусымының басталуы 25 қазаннан бастап 4 қазандықтың құрамында жоспарланған.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 236 рет