Өңір басшысының айтуынша, былтыр негізгі капиталға 305 млрд. теңге инвестиция бағытталса, биыл 6 айдың қорытындысымен 84 млрд. теңге инвестиция тартылған.– Түркістан қаласына облыс орталығы мәртебесінің берілуі шаһардың дамуына серпін берді. Қаламызда шағын және орта кәсіпкерлік қарқынды дамуда, ол үшін әкімдік тарапынан жағдай жасалып отыр. Биыл Түркістан қаласында қосымша 2 мың жаңа шағын және орта бизнес субъектісі тіркелді. Тұрғындардың орташа жалақысы 58 пайызға өсіп, былтыр 213 мың теңгені құрады. Қала бюджетінің өзіндік кірістері соңғы 5 жылда 5 есе артып, былтыр 15 млрд. теңгеге жетті. Осы жылдың 6 айында өзіндік кірістер 11 млрд. теңгені құрады. Соңғы 5 жылда қаламызда жаңа әкімшілік-іскерлік, мәдени-рухани орталықтары, жаңа халықаралық әуежай салынды, Бекзат Саттарханов даңғылы қайта жаңартылды. Облыс орталығы болғалы бері қаламызда 163 тұрғын үй салынып, 9397 отбасы баспаналы болды. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта 4439 пәтерлі 66 үйдің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде биыл 59 үйді (3377 пәтер), келесі жылы 7 үйді (1062 пәтер) пайдалануға береміз деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар жеке инвестиция есебінен 2700 пәтерлі 46 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, – деді Дархан Сатыбалды.
Жаңа үйлердің құрылысымен қатар бұрыннан бой көтерген көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Атап айтқанда, қаладағы 1-ші, 2-ші және «Отырар» шағынаудандарындағы, Бокин көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің аулалары абаттандырылады. Сондай-ақ балаларға арналған спорт алаңшалары орнатылып, саябақтар, гүлзарлар көгалдандырылуда. Түркістан қаласының көрнекті нысандарының бірі, темір жол вокзалының аумағы да абаттандыру жұмыстарымен қамтылуда.
Қала тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы демалыс аймағын қалыптастыру мақсатында «Жібек жолы», «Президент» саябағы, Саттарханов, Яссы көшелеренің бойында Желілік саябақтар, «Отбасы», «Денсаулық» саябақтары ашылды. Көгалдандыру жұмыстары өте қарқынды жүріп жатыр.2020 жылы көшелерді түнгі жарықтандырумен қамту деңгейі 31 пайыз ғана болған, яғни, небәрі 269 көше қамтылған еді. Биыл 86 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін жарықтандырылған көшелердің саны 757-ге дейін жетеді теңге.
Сонымен қатар, Түркістан облысында 5 жылда тұрғын үй саласы бойынша құрылыс қарқыны артқан. Алайда, өзекті мәселелері де аз емес. Үйлерді уақтылы тапсырмау, абаттандыру жұмыстарын талапқа сай жүргізбеу және өзге де түйткілдері бар. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен таяуда өткен аппарат отырысында датұрғын үй саласындағы жұмыстар сараланып, кемшіліктер талқыланған болатын.
Түркістан облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиевтің айтуынша, биыл өңірде барлық қаржыландыру көздері есебінен 866,4 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру межесі қойылған. 8 айдың ішінде 525,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға қабылданған. Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығындағы 62 (4202 пәтер, 251 533 мың шаршы метр) тұрғын үйдің тапсырыс берушісі – Облыстық құрылыс басқармасы. Биыл 55 тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, жалпы 185 мың шаршы метрді құрайтын 3140 пәтерді пайдалануға тапсыру жоспарланған. Қазіргі таңда 1409 пәтер немесе 81188 мың шаршы метр үй пайдалануға қабылданды. Құрылысты мерзімінен кешіктірген мердігерлерден келісімшартқа сәйкес 2,5 млн. теңге өндірілген.
– Үйлерді маусым айына дейін тапсыру керектігін айтқан болатынмын. Себебі, күзге қарай тапсырылған үйлерді қабылдау, тұрғындарға сату процестері біраз уақытты алады. Екіншіден, қыс мезгіліне қалып қойған үйлердің сапасына сын көп. Құрылысы бітпей тұрған үйлерге қаржысын тауып, мәселесін шешіп бердік. Үйлердің аулаларын абаттандыру бойынша да жоба қабылдадық. Алайда ол жұмыс та жүйелі емес. Уақтылы тапсыру жағында мін бар. Кейбір коммерциялық бағыттағы үйлердің шаршы метрінің бағасы өте қымбат. Бірақ сол бағасына сай емес, көлік тұрағы, абаттандыру жұмысы жоқ. Сондықтан компаниялармен үй бағасын төмендету немесе сапасын жақсарта түсу жөнінде тиісті жұмыстар жүргізілуі керек. Тұрғын үй құрылысына, арендалық үйлерге қатысты жұмысын дұрыс атқармаған әкімдер мен жауапты орынбасарларынан түсініктеме алынсын. Қаржыны алып, жұмысты кешіктірген және сапасыз атқарған мердігерлердің жауапкершілігін де заң аясында қарап шығыңыздар, – деді облыс әкімі.
Аппараттың апталық мәжілісінде Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтың да есебі тыңдалды. 2023 жылы жалпы 47,7 млрд. теңгеге 4 403 пәтерлі 66 тұрғын үйдің (4 – қала әкімдігі) құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 11,9 млрд. теңгені құрайтын 1062 пәтерлі 7 тұрғын үй 2024 жылға өтпелі. Қалған 35,7 млрд. теңгені құрайтын 3341 пәтерлі 59 тұрғын үйдің құрылысы биыл аяқталады деп көзделген. Жиында үйлерді уақтылы тапсырмау, абаттандыру жұмыстарын талапқа сай жүргізбеу және өзге де түйткілдер айтылды. Осы орайда, облыс әкімі Дархан Сатыбалды саладағы бірқатар кемшіліктерді атап, тапсырмалар берді.
Аппараттың апталық мәжілісінде Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтың да есебі тыңдалды. 2023 жылы жалпы 47,7 млрд. теңгеге 4 403 пәтерлі 66 тұрғын үйдің (4 – қала әкімдігі) құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 11,9 млрд. теңгені құрайтын 1062 пәтерлі 7 тұрғын үй 2024 жылға өтпелі. Қалған 35,7 млрд. теңгені құрайтын 3341 пәтерлі 59 тұрғын үйдің құрылысы биыл аяқталады деп көзделген. Шаһарда осы бағытта жұмыс жүріп жатыр.Биыл тұрғын үйлерді абаттандыру жұмыстары 10 нысанда, атап айтқанда жаңа стадион маңындағы 7 қабатты, 32 үйдің (9 үй қабылдаудан өткен) ауласын абаттандыру 7 учаскеге бөлініп, жүргізіліп жатыр. Барлық нысандардың құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Инженерлік инфрақұрылым жүйелері аяқталып, тұрғын үйлерге жалғанған. Ауласын абаттандыру жұмыстары 80 пайызы аяқталып, ойын алаңшалары орнатылған.
Соңғы 5 жылда Түркістан қаласында жаңа әкімшілік-іскерлік, мәдени-рухани орталықтары, жаңа халықаралық әуежай салынды, Бекзат Саттарханов даңғылы қайта жаңартылды. Облыс орталығы болғалы бері қаламызда 163 тұрғын үй салынып, 9397 отбасы баспаналы болды. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта 4439 пәтерлі 66 үйдің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде биыл 59 үйді (3377 пәтер), келесі жылы 7 үйді (1062 пәтер) пайдалануға береміз деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар жеке инвестиция есебінен 2700 пәтерлі 46 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жаңа үйлердің құрылысымен қатар бұрыннан бой көтерген көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Атап айтқанда, қаладағы 1-ші, 2-ші және «Отырар» шағынаудандарындағы, Бокин көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің аулалары абаттандырылады. Сондай-ақ балаларға арналған спорт алаңшалары орнатылып, саябақтар, гүлзарлар көгалдандырылуда.
Түркістан қаласының көрнекті нысандарының бірі, темір жол вокзалының аумағы да абаттандыру жұмыстарымен қамтылуда. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы демалыс аймағын қалыптастыру мақсатында «Жібек жолы», «Президент» саябағы, Саттарханов, Яссы көшелеренің бойында Желілік саябақтар, «Отбасы», «Денсаулық» саябақтары ашылды. Көгалдандыру жұмыстары өте қарқынды жүріп жатыр.
2020 жылы көшелерді түнгі жарықтандырумен қамту деңгейі 31 пайыз ғана болған, яғни, небәрі 269 көше қамтылған еді. Биыл 86 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін жарықтандырылған көшелердің саны 757-ге дейін жетеді теңге.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат