– №5-ші жылу энергия орталығының дайындығын жылу беру маусымына дейін қамтамасыз ету – ең өзекті мәселелердің бірі. Жөндеу, қайта құру жұмыстары күнделікті бақылауға алынсын. Ай сайын осы мәселе бойынша мәжіліс ұйымдастыру қажет, – деді Дархан Сатыбалды. Аталған мәселе туралы Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың есебі тыңдалды. Оның айтуынша, Кентау қаласындағы № 5 жылу энергия орталығын қайта құру жұмыстарын 3 кезеңге бөліп жүргізу жоспарлануда.
Қаладағы тозығы жеткен 6,6 шақырым магистралдық жылу жүйелерін және 4 кері сорғы станцияларын қайта құру жұмыстарын атқару бойынша мердігер мекеме «Ер-Мад» ЖШС-мен келісімшарт түзіліп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сметалық құны – 4 431,8 млн. теңге, бөлінгені – 2 105,6 млн. теңге. 2023 жылы 4,7 шақырым жылу жүйесін және 2 сорғы станциясын қайта құру жоспарлануда.
Екіншіден, Кентау қаласы №5 ЖЭО-ның қазандықтарын, жылу жүйелерін және қосалқы қондырғыларын қайта құру жұмыстары басталады. Облыстық бюджеттен 1,0 млрд. теңге қаржы қарастырылып, 1-шілдеде мердігер мекеме болып «ЭМ-Холдинг» ЖШС анықталды. Биыл 2 қазандықты жылыту маусымына дейін қайта құру, 2 қазандықты жыл соңына дейін қайта құру және 4 қазандықты ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарлануда.
Сонымен қатар келешекте жылу энергия орталығын газға ауыстыру көзделген. Осыған орай жеткізуші газ құбырының құрылысына ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытыңдысы алынды, сметалық құны – 1 553 млн. теңге. Бұл газ құбыры бірнеше күрделі мәселелерді шешеді. Атап айтқанда, ЖЭО мен Хантағы ауылын газбен қамтамасыз ету, 10 үйге қосымша газ қысымы, Индустриалды аймақ, Кентау байыту комбинаты мен Кентау эксковатор зауыттырына арнайы қосылу нүктелері қарастырылған.
Қала аумағында 75 бюджеттік мекеме бар. Бюджеттік мекемелерге қажетті 1394 тонна қатты отын (көмір) мен 390 175 тонна сұйық отын (дизель) сатып алу жоспарланған. Қазіргі таңда жеке жылу қазандықтарымен жылытылатын бюджеттік мекемелер отын сатып алуға келісімшарттарға тұрды. Бюджеттік мекемелерге көмір жеткізілуі тамыз айына жоспарланған. Кентау қаласы және оған қарасты ауылдардағы жеке тұрғын үйлерге 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымында 25600 тонна қатты отын (көмір) сатып алу жоспарланған. Қалада көмір сатумен айналысуға 4 кәсіпкер тіркелген.
№ 5 ЖЭО-на қажетті қатты отын – 110 мың тонна, сұйық отын (мазут) –700 тонна, сұйық отын (дизель) – 20 тонна. Кентау қаласы әкімдігі мен «Керемет Энерджи» ЖШС арасында нормативке сәйкес, 20 күндік отын қоры (21,3 мың тонна көмір) 2023 жылдың тамыз айында жеткізілмек. Қосымша 90 000 тонна көмір, 700 тонна мазут, 20 тонна дизель отынын сатып алуға бюджеттік өтінім беріліп, қаржы бөлінген.
Жуырда Түркістан облысының әкімі Дархан Cатыбалды Кентау қаласындағы осы №5 Жылу энергия орталығында болып, жай-күйімен танысып, мердігерлермен, орталық басшысымен пікір алмасты. Кездесуде тараптардың ұсыныстарын тыңдады. Жауапты басқарма мен қала әкіміне жылыту маусымына дайындықты пысықтауды тапсырды, – деп хабарлайды www.aq-qara.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Жылу энергия орталығының мәселесі облыстық, үкіметтік деңгейде көтеріліп, биыл тиісті қолдау көрсетіліп жатыр. Құрылысқа кедергі келтіретін мәселелер болса, тыңдауға дайынбыз. Күрделі жөндеу, қазандықтарын ауыстыру жұмыстары өте сапалы атқарылуы тиіс, – деді Дархан Сатыбалды.
Бүгінде Кентаудағы жылу орталығында күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Қаладағы тозығы жеткен 6,6 шақырым магистралдық жылу жүйелерін және 4 кері сорғы станциясын қайта құру жұмыстарын атқару бойынша мердігер мекеме «Ер-Мад» ЖШС-мен келісімшарт түзіліп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
2023 жылы 4,7 шақырым жылу жүйесін және 2 сорғы станциясын қайта құру жоспарлануда. №5 ЖЭО-ның қазандықтарын, жылу жүйелерін және қосалқы қондырғыларын қайта құру жұмыстары басталады. Биыл 2 қазандықты жылыту маусымына дейін қайта құру, 2 қазандықты жыл соңына дейін қайта құру және 4 қазандықты ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарланған. Сонымен қатар келешекте жылу энергия орталығын газға ауыстыру көзделген. Осыған орай жеткізуші газ құбырының құрылысына ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытыңдысы алынды. Жалпы, биыл Кентауда жылыту маусымына дайындық ерекше әрі сапалы жүргізілмек.
Сондай-ақ, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев Түркістан облысы Кентау қаласында орналасқан № 5 жылу энергия орталығына барды. Ол қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатқан қазандықтың жұмысымен танысты, деп хабарлайды www.aq-qara.kz ақпарат агенттігі.
92% тозығы жеткен сервис орталығында бүгінде 4 қазандық жөнделіп, тағы 4 қазандықтың қайта жаңғырту жұмысы жүргізілуде. 80 жылдық тарихы бар жылу беру мекемесі Кентау қаласындағы қуаттылығы 100 Гкал/сағ. бірегей орталық болып саналады. Осыған дейін орталықтың тозуына байланысты, қазандықтарды, жылу жүйелерін және қосалқы қондырғыларды қайта жаңғырту жұмысы жоспарланған. Оның сметалық құны – 13,7 млрд. теңге.
«8, 9, 10, 11 қазандықтарды жаңғырту жұмысы 30 қазанда аяқталады. Стансаның тозығы жеткендіктен, апаттық жағдайлар орын алуы мүмкін еді. Жылу орталығын қайта жаңғырту жұмысы аяқталғаннан кейін, тұтынушылар сапалы әрі тұрақты жылумен қамтамасыз етіледі», - деді Серік Симтиков.
Бүгінде қазандықтарды демонтаждау жұмысы жүргізіліп жатыр. Дайындық жұмысын жылыту маусымы басталғанға дейін толық аяқтау жоспарлануда. Бұған қоса, 6,6 шақырым магистралды жылу желілері мен 4 насостық стансаны қайта жаңғырту үшін биыл 3,8 млрд. теңге бөлінді. № 5 жылу энергия орталығында партиялық бақылау бекеті ашылды. Оған жауапты депутат бекітілді. Жағдай тұрақты бақылауда.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат