Кездесу барысында Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Марат Айнабеков ісін жаңадан бастауға ниет білдірген жастарға және кәсіптерін дамытуға дайын кәсіпкерлерге 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба төңірегіндегі «Бастау бизнес» жобасы, төмен пайыздық несиелендіру, қайтарымсыз грант, «Қарапайым заттар экономикасы», «Ауыл аманаты» жобалары, жастарды несиелеу бағдарламалары бойынша мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылай және қаржылай емес құралдарын кеңінен таныстырып, сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ, басқосуда Қазақстан Республикасының Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №1 «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде бастау алған «Ауыл аманаты» жобасы мен тұт ағашының қолдан өсірілетін (асыранды) құртынан және жабайы емен құртынан алынатын өндірістік жібек өндіру жолдары, пайдасы да кеңінен түсіндірілді.
Аграрлық несие корпорация арқылы жастарға шағын несие беру бағдарламасы шеңберінде сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде құжаттарды қабылдау, бизнес-жобаны бағалау, несие және кепіл туралы келісімдерді дайындау, несие сомасын қарыз алушыға беру, несиенің нысаналы пайдаланылуын тексеру, қарыз алушымен есеп айырысуды жүзеге асыру, қарыз алушыдан төлем қабылдау, мерзімі өткен берешекпен жұмыс және уәкілетті органдарға есеп беру әрекеттері жүзеге асырылатындығы айтылды.
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлының тапсырмасына сәйкес құрылған ақпараттық топ мүшелері мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржылай қолдау тетіктерін түсіндіру, сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу бойынша кездесулерді аудан аумағындағы барлық елді мекендерде бекітілген кестеге сәйкес өткізетін болады.
Жалпылай айтқанда, Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті жоғары. Бұл бағыт ерекше назарда. Шаруаларға мемлекеттен барлық жағдайлар жасалып жатыр деп айтуға болады. Аз пайызбен несие беріліп, көптеген бағыттар бойынша субсидиялар беріліп келеді. Үстіміздегі жылы Жетісай ауданында 79,3 мың гектар егіс егілді. Оның ішінде 45,6 мың гектар мақта, 19,6 мың гектар бақша, 2,9 мың гектар көкөніс, 5 мың гектар дәндік жүгері және тағы басқа дақылдар егілді.
2023 жылдың 8 айында ауыл шаруашылығында өндірілген өнімнің жалпы көлемі 15%-ға артып, 27,7 млрд. теңгені құрады. Ал, негізгі капиталға тартылған инвестиция 2,8 млрд. теңгеге жетті.321 шаруақожалық иелері 1236 гектар жерден екі рет өнім алу жобасын іске асырды. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 12 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағар май бөлінді.
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба туралы оқырмандарға азды-көпті мағлұмат бере кетсек.2021 - 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба 10 міндетті көздейді, оның 3-і халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған: өз ісін ашу және дамыту үшін жағдай жасау, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне дағдыларды дамыту.
1. Бірінші міндет шеңберінде "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу мерзімі дара кәсіпкер ретінде үш жылдан кем болатын жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде грант беруге өтініш берілгенге дейін олар тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына гранттар беріледі.
2. Екінші міндет шеңберінде еңбек нарығында белгілі бір кедергілерге тап болған адамдарды (жұмыссыздар, жастар, мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар және т.б.) жұмыспен қамтуға ықпал ететін іс-шаралар іске асырылады.
Оқу орындарының түлектеріне арналған Жастар практикасы, "бірінші жұмыс орны" және "ұрпақтар келісімшарты" жобалары бойынша жұмыс орындары олар алған кәсіп (мамандық) немесе сабақтардың Ұлттық сыныптауышының сол сабақ тобына жататын ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша құрылады.
Жастар практикасы алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға арналған (қатысу мерзімі 12 айға дейін, субсидиялар мөлшері 30 АЕК (ай сайын).
"Бірінші жұмыс орны" жобасы бірінші рет жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздарға жұмыс орындарын және қажетті еңбек дағдыларын беруге бағытталған (қатысу мерзімі 18 айға дейін, субсидиялар мөлшері 30 АЕК (ай сайын).
"Ұрпақтар келісімшарты" жобасы кейіннен зейнеткерлік жасқа толған жұмыскерді ауыстыра отырып, жұмысқа орналастыруға бағытталған (қатысу мерзімі 6 айға дейін, субсидиялар мөлшері 30 АЕК (ай сайын).
Қоғамдық жұмыстар-қызметкерлерді алдын ала кәсіптік даярлауды талап етпейтін, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-пайдалы бағыты бар еңбек қызметінің түрлері. Қоғамдық жұмыстарға қатысуға: жұмыссыздар; жазғы демалыс кезеңінде жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары мен студенттері; бос тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар (қатысу мерзімі 12 айға дейін, субсидиялар мөлшері кемінде 20 АЕК (ай сайын) құқылы.
Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздардың жалақысын субсидиялай отырып, оларды жұмысқа орналастыруға арналған (қатысу мерзімі 12 айға дейін, субсидиялар мөлшері кемінде 20 АЕК (ай сайын).
"Күміс жас" жобасы 50 жастан асқан жұмыссыздардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған (қатысу мерзімі 36 айға дейін, субсидия мөлшері 30 АЕК-тен аспайды (ай сайын).
Жоғарыда көрсетілген субсидияланатын жұмыс орындарына қатысу үшін мынадай құжаттар қажет: қатысуға өтініш; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса); білімі туралы құжаттың көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом), бар болса оқудан өткенін растайтын құжаттар (куәлік, сертификат).
Жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде келесі үш бағыт бойынша ұйымдастырылады.
Біріншіден, жұмыс берушілердің сұранысы бойынша оқу ұйымдарында оқыту.
Оқыту оқытудан өткен адамдарды жұмысқа орналастыруға кепілдік беретін жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша ұйымдастырылады. Ол үшін тараптардың (жұмыспен қамту орталығы, жұмыссыз, жұмыс беруші және оқу ұйымы) арасында тараптардың құқықтары мен міндеттерін көздейтін 4 жақты әлеуметтік келісімшарт жасалады.
Екінші, жұмыс берушіде жұмыс орнында оқыту.
Жұмыс берушілерде жұмыссыздарды жұмыс орнында оқыту білікті тәлімгерді бекіте отырып, кәсіпорындар базасында ұйымдастырылады. Оқу кезеңінде жұмыс беруші жұмыссыздармен еңбек шартын жасасады және оны уақытша жұмыс уақытына жұмысқа орналастырады.
Үшінші, платформада онлайн оқыту skills.enbek.kz.
Портал онлайн оқытудың қысқа мерзімді курстарының маркетплейсі болып табылады және сұранысқа ие дағдыларды үйренуге немесе біліктілігін арттыруға ниет білдірген кез келген республика азаматы үшін қолжетімді.
Жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін жеңілдетілген шағын несиелеу қарастырылған.
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5% - дан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы-кепілмен қамтамасыз етудің міндетті шартымен 5 млн теңгеге дейін. Несиелеу мерзімі мал шаруашылығын қоспағанда, кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін (қызметтің осы бағыты үшін – 7 жылға дейін).
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат