Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасына сәйкес, қалада алғаш рет топырақ жолға суық ресайклерлік өңдеуден кейін тұтас эмульсиялық минералды қоспасының 2 қабатын төсеу тәжірибесі қолданылды. Жол эксперимент жүзінде 400 метр қашықтықта Таңбалы тас көшесіне салынды.
Қала басшысы жаңа технология бойынша салынған жолдың сапасын тексерді. Жауапты мамандардың сөзіне сүйенсек, әзірге эксперименталды жолдың сапасы жақсы. Егер қыс мезгілінде мәселе туындамаса, бұл жаңа әдісті қаладағы барлық топырақ жолға қолдану жоспарланып отыр.
Қала әкімі шалғай аудандарда топырақ жолдарға осы әдісті қолдану тұрғындардың жайлы жүріп-тұруын қамтамасыз етудің уақытша шешімі екенін алға тартып, қаладағы топырақжолдыңбәрінекезең-кезеңіменасфальттөселетінінжеткізді.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қызылсай тұрғын алабындағы темір асты өткелінің құрылыс қарқынын көріп, атқарылып жатқан жұмыстың жай-күйімен танысты.
Кірме жол құрылысына жалпы 10 техника жұмылдырылған. Жер асты жұмыстары жалғасып, инженерлік желілер қайта орнатылуда.
Мұнда көлік қозғалысын ашу жоспарланған. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 55%-ы орындалды. Жобаға сәйкес нысан келесі жылы пайдалануға беріледі.
Қала басшысы бұл нысан тұрғындар үшін маңызға ие екенін айтып, жауаптыларға мердігердің құрылысты сапалы әрі мерзімінен кешікпей аяқтауды тапсырды.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жауаптылармен бірге Нұртас шағын ауданын кәріз жүйесімен қамту жұмыстарын қадағалады. Құрылысқа 60 адам, 15 арнайы техника жұмылдырылған.
Қала әкімі мердігерге құрылыс нормаларын қатаң сақтау және халық қауіпсіздігі үшін құбырларларды жүргізуде арнайы белгілерді орнатуды ескертті. Сонымен қатар, желілерді орнату аяқталғаннан кейін жолдарды ретке келтіруді тапсырды.
Мердігер мекеме осыған дейін жұмыс көлемінің 67%-ын аяқтаған. Жобаға сәйкес 62,6 шақырым кәріз құбыры жүргізіледі. Нәтижесінде 3 мыңнан астам тұрғын үй орталықтандырылған кәріз жүйелеріне қосылады.