«2022 жылға дейін Абай ауданындағы 160 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 12,5 пайызға жеткен болатын. Көрсеткішті арттыру мақсатында биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 33 көшеге жарықшам орнату жұмыстары жүргізілуде. Жыл қортындысымен қамту көрсетікші 15,1 пайызға жететін болады.
Сонымен бірге, тұрғындар 17 көшеге өз есебінен жарық шамдар орнатып, жарық жүйесіне қосылды. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табатын болады»,-деді Бұқарбай Парманов.
Бүгінде Абай ауданы аумағындағы көшелер саны – 1274 және ол 1080,1 шақырымды құрайды. 2023 жылы 57 көшеге асфальт төсеу жоспарланған болса, қазіргі таңда 51 көшенің асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы аудан бойынша 57 шақырымды құрайтын топырақ жол бар. Ағымдағы жылдың бірінші кезеңінде 7 елді мекендегі 21 көшеге (11,3 шқ), 2 кезеңде 5 елді мекендегі 20 көшеге (18 шқ) шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, 2023 жылы халық қатысатын бюджет жобасы аясында жалпы 23 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Қазіргі таңда Бозарық, Самал-3, Асар, Достық, Қызылжар, Тұрлан, Нұршуақ, Алтынтөбе, Қайнарбұлақ елді мекендерінде 10 балалар алаңшасы 3 спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді.
Сондай-ақ, аталған жоба аясында Қайнарбұлақ, Ақжайық, Самал-3 елді мекендерінде орналасқан 5 көшеге ирригацияның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Айта кету керек, келесі жылға 26 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Қол жетімді интернет» ұлттық пилоттық жобасы аясында мобильді интернет желісімен қамту үлесін жоғарылату үшін 2023 жылы 9 елді мекенге базалық станция орнату жұмыстары жүргізілсе, 2024 жылы 4 елді мекенге базалық станция орнату жұмыстары жоспарлануда.
Сонымен қатар, аталған Жоба аясында 2023 жылы Абай ауданына қарасты 6 елді мекенге талшықты оптикалық интернет желісін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Талшықты оптикалық интернет желісін 2024 жылы 3 елді мекенге, 2025 жылы 6 елді мекенге жүргізу жоспарлануда.