Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек айтты.
Еңбекші ауданы аумағындағы 2022 жылы 121 көшесі жарықтандырылған болатын. Қазіргі таңда аудан шекарасының өзгеруіне байланысты жарықтандырылған көше саны – 89 құрап отыр.
2023 жылы – 28 көшенінің 24 жарықтандырылып, 4 көше 2024 жылға өтпелі.
2024 жылға 96 көшені жарықтандыру ұсынылды. Қазіргі таңда бірінші кезекті жарықтандыруды қажет ететін көшелер тізімі жасақталуда.
Сонымен қатар, аудан аумағында күз, көктем мезгілдерінде жауын-шашын суларының басуының алдын алу мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізіліп 57 мекен-жай анықталған. 2022 жылы су алу қауіпі жоғары 21 мекен-жайларға ұзындығы 7,3 шақырымды құрайтын ирригациялық арықтар орнатылды.
Ал, 2023 жылы 13 мекен-жайға ұзындығы 6,3 шақырым ирригациялық арықтарды орнату жұмыстарын мердігер мекемелер «Маверикс», «Сәтті құрылыс» ЖШС-тері жүргізуде. Қосымша 1 көшеге салу жоспарланды.
Қалған 23 көшеге ирригациялық арық орнату 2024-2025жж. жоспарланған.
«Еңбекші ауданында ұзындығы 732,91 шақырымды құрайтын 728 көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 535,77 шақырымы асфальт, 158,38 шақырымы тас, 38,76 шақырымы топырақты құрайды.
Жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жақсы көңіл бөлініп келеді. Мәселен 2021 жылы 4 магистралдық және 53 қалаішілік көше асфальтталып, жөнделді», - деді Д.Есілбек.
Одан бөлек, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен демеуші есебінен «Базарқақпа» тұрғын алабындағы Сайрам су өзенінен өтетін көпір қайта құрылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылды.
2023 жылы ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 73 көшені жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда 70 көшені асфальттау жұмыстары аяқталып, 3 көшеде жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
2024 жылға ұзындығы 56 шақырымды құрайтын 78 көшені жөндеуге ұсынылды.