Жұма, 24 Қараша 2023 11:11

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 13-17 ҚАРАША АРАЛЫҒЫНДА «ЖАТАҚХАНА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Еркін Отарғалымұлы айтты.

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының аумағында ағымдағы жылдың 13-17 қараша аралығында «ЖАТАҚХАНА» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Аталған іс-шараға ішкі істер органдары, газтехникалық инспекция, аудан әкімдіктері, «ҚазТрансГаз» АҚ мамандары мен волонтерлік ұйымдар жұмылдырылды», - деді спикер.

Бүгінде аудан әкімдіктерінің берген ресми мәліметіне сәйкес, Шымкент қаласы аумағында 29 жатақхана орналасқан.

Атап айтқанда: Абай – 2, Әл-Фараби – 8, Еңбекші – 9, Тұран – 8, Қаратау – 2.

Мүлік иелерінің бірлестіктері мен қарапайым серіктестіктің құрылмауына байлынысты жатақханаларға өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жүргізілмеген. Бүгінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша 29 кездесу ұйымдастырылып, 1500-ге жуық тұрғынға электр жабдықтарды, жылыту пештері мен газ қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы және өрт туындаған жағдайда іс-әрекет алгоритмі түсіндіріліп, жадынама парақтары таратылды. Әлеуметтік осал топқа жататын 15 отбасының тұрғын үйіне газ дабылқаққыш қондырғысы орнатылды.

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар Департаменті рейдттік іс-шара барысында Шымкент қаласы бойынша 370-ке жуық өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылықтарын анықталды. Оларды жоюға Департамент тарапынан меншік иелеріне ұсыныс беріліп, мүдделі мекемелерге хаттар жолданды. Рейдттік іс-шара барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша 750-ге жуық азаматпен әлеуеметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша азаматтардың басым бөлігі өрт қауіпсіздігі талаптарына аса мән бермейтіндігі, өрт орын алған жағдайда іс-шаралар кешенін білмейтіндігі анықталды.

Департамент тарапынан, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және улы газдың алдын алу жүйесін жетілдіруге, халықты және экономика объектілерін өртке қарсы қорғау деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру жұмыстары алдағы уақытта өз жалғасын табады.

 

 

Оқылды 489 рет