Дүйсенбі, 08 Сәуір 2024 13:47

ШЫМКЕНТТЕ 2024 ЖЫЛЫ ТУРИЗМ САЛАСЫ БОЙЫНША 6 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

2024 жылы Шымкент қаласы аумағында туризм саласы бойынша жеке инвестиция көлемі 6,2 млрд теңгені құрайтын 6 жоба (түрлі санаттағы қонақ үйлер) іске қосылуы жоспарлануда. Орташа есеппен 125 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы «Шымкент қаласында туризм және сыртқы байланыстар саласындағы атқарылған жұмыстар мен жетістіктер және алдағы жоспарлар туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында белгілі болды.

Мамандар, жалпы қонақ үйлердегі төсек-орын саны 365-ті құрайтынын, олар: «Kazakh Hotel» «Керемет, «Алтай», «Zhamal Hotel Shymkent», «Zeinnur-Tau» және Б/Н қонақ үйлері. Аталған жобалар қаланың тартымдылығын арттырып, жаңа туристік бағыттардың ашылуына әсер ететінін айтты.

Сонымен қоса, 2024 2024 жылдың басынан бастап Шымкент қаласы бойынша 2 ауқымды танымдық-ақпарттық экскурсиялар өткізілді.

Индонезия елінің NET-телеканалының делегациясына; Мәскеу қаласынан келген туристерге (1 ауқымды) құралған қонақтар тобы.

Ақпараттық дүңгіршектер 2024 жыл басынан:

Ақпараттық көмек көрсетілген туристер мен қала тұрғындарының саны – 300 жуық адамға қызмет көрсетті.

Оңтүстіктің туризмі – Шымкент қаласынан бастау алса, туристеріміз Шымкент қаласынан саяхатын бастаса, бұдан бөлек жақын өңірлерге де барады.

Бүгінде Шымкент қаласы мен Түркістан облысында заманауи брендтегі қонақ үйлер, бутик отельдер мен хостелдер туристерге қызмет жасайды. Сонымен қатар, жаңа рейстер ашылды. Олар: Солтүстік Қазақстан бағытында: Қостанай-Павлодар;Батыс Қазақстан бағытында: Атырау, Ақтөбе, Ақтау;Шығыс Қазақстан бағытында: Өскемен, Семей;

Орталық Қазақстан бағытында: Жезқазған, Қарағанды.

Сондай-ақ, Шымкент қаласынан Джидда, Медина, Дубай, Пхукет бағыттары бойынша чартерлік рейстер орындалады.

Алдағы уақытта Шымкент қаласының туристік ақпараттық киосктары Темір жол ішінде және Жаңа әуе терминалында туристік киоск островок орналасатын болады.

 

Оқылды 456 рет