Жексенбі, 14 Сәуір 2024 11:04

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ САЙЫН 15 МЫҢ ТОННА ӨНІМ ЖИНАЛАДЫ

Бұл туралы баспасөз брифингінде Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Мекамбаев мәлімдеді.

"Бүгінгі күнде қалада көлемі 139 га құрайтын жылыжай кешендері тіркеліп, жыл сайын 15 мың тоннға жуық өнім жиналуда. Осы бағытты дамыту мақсатында Түркиялық «Alarko Holding A.S.» компаниясымен біргелесе І-кезеңде 100 га аумаққа жылыжай салу жоспарлануда. Нәтиже қаладағы жылыжай кешендері 239 га ұлғайып, қосымша 1 000-нан астам жұмыс орындары ашылып, жиналатын өнім көлемі 30 мың тоннаға артатын болады",- деді Талғат Мекамбаев.

Сондай ақ, жылыжай шаруашылықтарына құрылыс жұмыстарына кеткен шығындарының 30% субсидияланып, ал комуналдық шығындарына 1 гектарына 4 млн. нан 8 млн теңгеге дейін мемлекеттік қолдау көрсетіледі.Қалада өткен жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 27,5 мың гектарды құраса, биыл егістік жерлердің мақсаты құрылыс бағытына өзгеруіне байланысты 26,5 мың гектарға жетіп, 86,0 мың тонна өнім жинау күтілуде. Сонымен қатар, алдағы уақытта 8,5 мың тонна ет, 52,5 мың тонна сүт және 160,0 млн дана жұмыртқа өндірілетін болады. Брифинг барысында ауыл шаруашылығына соңғы жылдары тартылған инвестиция көлемінің артқандығы атап өтілді. Биыл да осы бағытта құны 16 миллиярд теңгені құрайтын 14 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған.Оның ішінде 3 көкөніс сақтау қоймасы, 3 тауарлы сүт фермасы, 2 сүтті қайта өңдеу цехы, 2 құс шаруашылығы, 1 мал азығы, 1 жеміс-көкөніс қайта өңдеу, 1 мал бордақылау алаңы, 1 жылыжай кешені бар. Бүгінгі таңда, тұрақтандыру қорының айналым механизмі аясында 8.7 млрд.теңге қарастырылды. Сонымен қатар, қала аумағында 80 ге жуық сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын белігленген бағада сатылуда.Бағаны қадағалау және делдалдық қызметті шектеу мақсатында, құзырлы мекемелермен арнайы комиссия құрылып, жыл басынан 16 комиссия отырысы өтті. Нәтижесінде 219 сауда субьектілерінің электрондық шот фактуралары зерттеліп, тауардың 15 пайыздық сауда үстемесін сақтамаған 128 кәсіпкерлік субьектіге ҚР ӘҚБтК 204-4 бабымен әкімшілк хаттамалар толтырылды.

Оқылды 70 рет