Жексенбі, 14 Сәуір 2024 14:17

Түркістан облысында 330 мың гектардан астам жер халыққа қайтарылған

Түркістан облысында мақсатына сай пайдаланбаған және заңсыз жекешеленген жерлерді ортақ қорға қайтаруда ауқымды жұмыстар жүргізіліп, 330,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Өңірде тұрғын үй салуға жер беру мәселесі де өзекті. Жер саласындағы өзекті мәселелер Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Онда өткен жылы атқарылған жұмыстар және 2024 жылға бекітілген шаралар баяндалды.

Маңызды мәселеге қатысты облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ аймақ басшысы инвестициялық жобалардың артуына байланысты түсініспеушілік жайттардың алдын алу үшін Жер туралы кодексте шетелдіктерге немесе шетелдік компанияларға ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланатын жерді жеке меншікке беруге тыйым салынғанын қатаң ескертті.

Түркістан облысының жалпы жер қоры 11610,3 мың гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылық мақсаттары санатындағы пайдаланатын жерлер 4469,5 мың гектарға жетті. Елді мекендердің жерлері 800 мың гектардан асады. Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілегеннің баяндауынша, ауыл шаруашылығы мақсатындағы облыстың Даму бағдарламасы бойынша өткен жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 131,8 мың га жер айналымға енгізілді.

Еліміздегі жалпы мал басының 18 пайызы Түркістан облысына тиесілі. Өткен жылы ортақ жайылым қажеттілігі 2122,2 мың гектардан асқан. Осыған орай, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ортақ жайылым көлемін 1015,0 мың га ұлғайту жоспары бекітілген. Нәтижесінде өткен жылдың қорытындысымен 335 мың га ортақ жайылымен қамтамасыз етілді. Жалпы ортақ жайылым қажеттілігінен 681,8 мың га төмендету бойынша шалғайдағы маусымдық жайылымдарды ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, 937 мың га жайылым жерлер жалпы жайылым қажеттілігінен төмендетілді. Биылға 600 мың гектардан астам жайылым тапшы.

2024 жылға облыс бойынша 60 мың га жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланды. Ортақ жайылым көлемін ұлғайту мақсатында арнайы қордағы 125 мың га жайылым жер учаскелерін ауылдық округ әкімі аппаратына тұрақты пайдалануға беру жұмыстары жүргізіледі.

Түркістан облысында 412,2 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, меморандум арқылы 622,6 мың гектар жер елге ортақ пайдалануға берілген еді. Осылайша, 1 миллион гектардан астам жайылым тапшылығы шешімін тапқан. Осы аталған бағытта мемлекет басшысы жайылым жерлерді мемлекетке қайтару жайында тиісті тапсырмалар берген болатын. Жүктелген тапсырмалар аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды былай деді: «Жайылым жер тапшылығы мәселесін шешу бағытындағы жұмыстарды жүйелі жалғастыру керек. Бұл – ел үшін аса маңызды. Бірнеше аудан, қала әкімдіктері тарапынан жерді қайтару жұмыстарында кемшілік анықталып отыр. Бекітілген жер телімдеріне жүйелі түрде мониторинг жүргізіп, мақсатсыз пайдаланылған жерді мемлекетке қайтару үшін тиісті шараларды қабылдауды тапсырамын. Жайылым жерлерлерді конкурс арқылы беру барысында ең бірінші кезекте елді мекендерді ортақ жайылыммен қамтамасыз ету ескерілуі қажет. Бұл күнделікті жұмыс болуы тиіс».

Айта өтсек, еліміздегі жалпы мал басының 18 пайызы Түркістан облысына тиесілі. Былтыр өңірде жайылым тапшылығы 2122,2 мың гектарды құрады. Осы бағытта ортақ жайылымның көлемін ұлғайтып, елді мекендегі мал бастарын шалғайдағы маусымдық жайылымдарға шығаруды ұйымдастыру, аудандарда мал бордақылау алаңдарын және отбасылық сүт фермаларын арттыру көзделген. Нәтижесінде 2024 жылға облыстағы жайылым тапшылығы төмендеп, 1107,8 мың гектарды құрайды деп күтілуде. Өткен жылдың қорытындысымен 333,2 мың гектар жер учаскесі ортақ жайылымға қайтарылып, елді мекендердегі жайылым жүктемесінен 681,8 мың гектарға кеміді.

Түркістан облысында жайылым жердің жалпы аумағы 8 миллион 860 мың гектардан асады. Шаруашылық жүргізуші кәсіпорындар үшін жайылым жер жеткілікті. Негізгі мәселе – мал басына қажетті ортақ жайылымның тапшылығында. Облыс әкімі көптің көкейіндегі мәселенің шешілуі қатаң бақылауда екенін айтты. Төрт түлігімен күн көрген ауылдағы ағайынға жетпеген жайылым проблемасына қатысты жауаптыларға нақты тапсырмалар берді. «Қолжетімді жайылым» жобасы аясында облыс әкімдігі облыстық прокуратура мен бірлесе іс-шаралар жоспары әзірленіп, жұмысшы топ құрамы бекітілді. Жұмысшы топ тарапынан ауылдардағы нақты мал басына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, ауылдық округтердің жайылыммен қамтамасыз ету сызбалары әзірленді. Зерделеу жұмыстарының барысында «Ауыл шаруашылығы жануарларды бірдейлендіру» (ИСЖ) базасындағы жұртшылықтың нақты мал басымен ауылдық округ әкімдерінің статистикалық басқармаға ұсынған ақпаратында айырмашылықтар анықталуда. «Пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді алып қою жөніндегі ведомствоаралық жұмысшы топтың іс-шаралар жоспарына сәйкес, Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментімен бірлесе 2023 жылға 330,0 мың га жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жоспары бекітілген», – деді Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілеген. 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мақсатына сай пайдалануына космомониторинг жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 4543 жер пайдаланушының 560,6 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерінің мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталған.

Еліміз жер көлемі жағынан әлем бойынша 9-орында болғанымен, жердің жетіспеуіне қатысты мәселе жиі бой көрсететін болды. Соның бірі – ауылдағы ағайынға мал жаятын жайылымның тапшылығы. Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Бас прокуратураға бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырма берген болатын. Бұл іске «AMANAT» партиясы жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясы да белсенді атсалысты. Комиссия мүшелері еліміздің әр өңірін аралап, пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерді мемлекет меншігіне қайтарумен айналысып келеді. Мысалы, өткен жылы еліміз бойынша 5 миллион гектар жер мемлекет меншігіне өтсе, оның 3 миллион гектары «Жер аманаты» комиссиясының тікелей араласуымен іске асқан.

Алдыңғы жылы республикалық «Жер ама­наты» комиссиясы жұмыс тобының төра­ғасы, «AMANAT» партиясының хат­шы­сы Дәулет Кәрібек, партияның фрак­ция мүшелері Ерлан Сайыров, Жанарбек Әшім­жан және Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігі Жер ресурстарын басқару ко­ми­тетінің төрағасы Мұрат Теміржанов об­лыс­­тық «Жер аманаты» жұмыс тобымен бір­лесіп бірқатар жұмыс атқарды. Атап айт­сақ, Ордабасы ауданы Ақсары елді ме­ке­ніне, Бәйдібек, Отырар, Төлеби ау­дан­дары және Арыс қаласы тұрғын­дары­мен кездесіп, республикалық деңгейде ор­тақ жайылымды ұлғайту бойынша ат­қа­рылып жатқан жұмыстар туралы түсін­дір­ме жұмыстарын жүргізді.
«Жер аманаты» комиссиясының мін­деті – ауыл тұрғындарына жайылымның қол­жетімді болуын қамтамасыз ету. Жұ­мыс тобы облыстық Жер қатынастары бас­қармасымен және аудан, қала әкім­дік­те­рімен бірлесе отырып, елді мекендердегі ор­тақ жайылым көлемін ұлғайту мақ­са­тын­да 412,2 мың гектар жайылымды мем­­­лекет меншігіне қайтарды.

Негізгі мәселе облыс елді мекендеріндегі жайы­лым тапшылығында болып отыр. 2021 жылы аудан, қалалар кесіндісіне сәй­кес, 174 ауылдық округтегі 826 елді ме­­­кенге талдау жасалып, жайылым тап­шылығы 3 867,8 мың гектар екені анық­тал­ған болатын. Содан кейін жайылымды қай­тарудың қадамдық алгоритмі бекі­ті­ліп, бірінші кезекте ең өзекті жайылым мә­селелері бар елді мекендерге басымдық бе­рілді. Нәтижесінде, 133 елді мекен маңын­дағы 135,8 мың гектар жер ортақ жайы­лым ретінде ауыл әкімшіліктерінің тең­гері­міне бекітілді.

Облыс бойынша ортақ жайы­лым­ның көлемі – 748 мың гектар. 70 ауыл­дық округ (247 елді мекен) жайы­лым­мен қамтамасыз етілген соң жайы­лым тапшылығы 3119,8 мың гектар бол­ды. Жайылым тапшылығын жою үшін ауқымды жоспар құрылды. Мы­салы, елді мекен тұрғындарының жеке қо­салқы шаруашылығындағы мал басын шек­теу мен мал ұстау тәртібін белгілеу бойын­ша «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң жобасына ұсыныстар енгізу. Со­нымен қатар Президенттің ауылдар­да­ғы шағын кәсіпкерлікті дамытуға ба­ғыт­талған 2,5 пайызбен несие беру тап­сыр­ма­сына дайындық ретінде жайылым қо­ры шектеулі аудандарда шағын мал бор­дақылау алаңдарын ашу және де коопе­ратив­терге біріктіру бағыттарында жұмыс жүргізу арқылы жайылым тапшылығын азайту. Шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту, оның ішінде жеке қо­салқы шаруа­шы­лықтардың малын шал­ғайдағы жайы­лымдарда маусымдық жаю арқылы жалпы жайылымдарға жүктемені төмендету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауыл шаруа­шылығы мақсатындағы жер­лер­ді ай­н­а­лымға енгізу үшін ұйымдас­ты­ры­латын конкурсты электронды формат­қа ауыс­тыру да маңызды міндет болып отыр.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 32 рет