Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024 16:37

ШЫМКЕНТТЕГІ МӘДЕНИ-ТАРИХИ КЕШЕНДЕР ТАЗАРТЫЛУДА

«Таза өлке» экологиялық апталығы барысында Әл-Фараби ауданының аумағында орналасқан тарихи-мәдени кешендер, ескерткіштер тазартылды. Аудан әкімдігі мен қоғам белсенділері игі шараға белсене кірісті.
#TazaShym жалпықалалық тазалық шарасына қатысушылар — Әл-Фараби ауданының коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Эталон» ЖШС мердігер мекемесі қызметкерлері Әлия Молдағұлова көшесінде орналасқан Ә.Молдағұлова ескерткішінің айналасын қоқыстардан тазартып, ескерткішті жуып тазалады. Одан кейін аудан тазалықшылары Д.Қонаев және Тәуке хан даңғылының қиылысында орналасқан Д. Қонаев ескерткішін тазартты. Әл-Фараби ауданындағы тазылық жұмыстары мұнан кейін «Цитадель» этно кешенінде жалғаспақ. Ол аумақтағы іс-шараға мектеп оқушылары да атсалысады.
Тазалық акциясына қатысушылар қаламыздағы туристік аймақтарды күтіп ұстау тек мемлекеттің емес, барша азаматтардың міндеті деп білеміз дейді. Аудан белсенділері қала жастарын тазалық акциясына белсене қатысуға және қаламызды таза ұстауға шақырды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен басталған тазалық акциясының екінші аптасы. Жоспар бойынша акция «Киелі мекен» деп аталып, әр ауданданның тарихихи мәдени кешендерінде іс-шаралар өткізілуде.

Тілге тиек етейік, бүгінгі таңда мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандарының айтуынша, 30 жыл ішінде экология саласында көп жұмыс атқарылды. Статистикаға сәйкес, еуропа елдерінде әр адамға 24 шаршы метр жасыл желек келеді. Шымкентте әзірге 5-6 шаршы метр. Жан басына шаққандағы жалпы стандарт бойынша жасыл желектер кемінде 10 шаршы метр болуы керек. Қала әкімдігі қызметкерлерінің жоспарлары бойынша, қаланы көгалдандыруға және абаттандыруға байланысты әзірленген арнайы бағдарламаға сәйкес, 2025 жылға қарай қосымша 23 гүлзар, 4 саябақ салынады!

Оқылды 60 рет