Жұма, 03 Мамыр 2024 14:07

«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫ: ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ ДА ОРТАҚ ІСТЕ БІРЛІГІМІЗДІ НЫҒАЙТА ТҮСТІ

Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы барысында «Достық мекенінің тұрғындары» атты көпұлтты өкілдер тұратын көше тұрғындары тазалық жұмыстарын жүргізді. Тазалық жұмыстарына 600 ге жуық тұрғын қатысты. 

Іс-шараға Абай ауданындағы ауыл биі - А.Өмірзахова, қалалық Әл-Фараби ауданының ауыл биі, Қоғамдық кеңестің мүшесі – Т.Исламов, Еңбекші ауданы Қаратөте тұрғын алабының ауыл биі, қоғам белсендісі – М.Ибичев, Қаратау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – П.Есенбеков, Тұран ауданының бас имамы – Б.Құрбанбаев және т.б. белгілі азаматтар да тазалық жұмыстарынан табылды.

- Бүгін қаладағы барлық аудандарда осындай тамаша іс-шаралар өтіп жатыр. Мұндай іс-шаралар барлығымызды ортақ іске жұмылдырып, бірлігімізді нығайтуда. Сонымен бірге қаламыздың көркеюіне, оның тазалығына көп септігін тигізуде. Сондықтан алдағы уақытта да осындай іс-шараларға атсалысып, үлес қосатын боламыз», - дейді Әл-Фараби ауданының ауыл биі Тойчибай Исламов.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш шара Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы жүзеге асыру мақсатында өткізілуде. Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізудің іс-шара жоспары бекітілді.
Экологиялық акцияның алғашқы «Таза өлке» апталығында қала тұрғындары ерекше қолдау білдіріп, қоғам белсенділері, ерікті жастар, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарына белсене қатысты.
Акция аясында 380 арнайы техника, 49 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Сонымен бірге, 282 шақырым көше бойы, 85 шақырым аяқ жолдары, 59 мың дана ағаштарды әктеу және қырқу жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде қаладан 300 тонна шамасында қоқыс шығарылды. 355 шақырым ирригациялық жүйе, 95 аялдама жуылып, 1200 дана қоқыс жәшігі (урна), 285 дана орындық сырланды.

Оқылды 67 рет