Бейсенбі, 16 Мамыр 2024 13:58

Шымкенттегі 6 кәсіпорынға «Сенім сертификаты» тапсырылды

 

Шымкент қаласы бойынша кәсіпорындар мен мекемелерде тұрақты түрде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізіліп отырады. Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша бүгінгі күнге қаламыздағы 1 452 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі бойынша өндірістік кеңестер жұмыс жүргізіп жатқан болса, 2 128 жұмыс орындарына зиянды және қауіпті еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестациялау жүргізілді. Бұл туралы Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов баспасөз брифингінде айтты.
Сондай-ақ, қаламыздағы 144 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілген.
Өңіріміздегі 6 кәсіпорынның қызметі декларацияланып, «Сенім сертификаты» тапсырылған.

Сонымен қатар, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскерге төленетін әлеуметтік аударымдарымдарға тоқталар болсақ,
2024 жылы МКЗЖ аударатын кәсіпорындар саны 160, еңбек өтілін цифрландыру процесін бастаған кәсіпорындар саны 102 орындалуы 65,1%. енгізілген. Ағымдағы жылдың соңына дейін, есепке алудың бірыңғай жүйесіне 100% барлық деңгейдегі кәсіпкерлік субъектілер тіркелуі тиіс.

Одан бөлек басқарма басшысы, жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерді қараумен айналысатындарын айтты. Осы тұрғыда басқармаға биыл 769 арыз-шағым келіп түсіп, оның 656 өтініші қаралған. Нәтижесінде 194 тексеру жүргізіліп, 546 құқық бұзушылық анықталған. Басқарма басшысының айтуынша анықталған құқық бұзушылықтар бойынша 120 нұсқама беріліп, 4,3 миллион теңгені құрайтын 105 айыппұл салынған. Сондай-ақ 690 жұмыскердің еңбек құқығы қорғалып, 423 жұмыскердің жалақы қарыздары өтелген.

 

Оқылды 155 рет