Алдымен, Көксарай ауылдық округінің Ызакөл елді мекенін таза ауыз сумен қамту мақсатында қолға алынған ауыз су құбыры желісін көріп, Көксарай ауылындағы ауыз су имаратына (сооружение) барды. Аралау кезінде аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов осы бағытта атқарылған жұмыстармен қатар, туындауы ықтимал мәселелерді атап өтті.
Бүгінгі таңда, Көксарайдағы 600 абонент, Ызакөл елді мекеніндегі 45 абонент аталған имарат арқылы ауыз суды тұтынады. Мұнда, соңғы үлгідегі термальды ыстық суды салқындату жүйесі орнатылып, үздіксіз қызмет көрсетуде.
Мұнан соң, Маяқұм ауыл округі, Бестам елді мекеніндегі ауыз су жүйесін аралап көрді. Аталған нысанның құрылыс жұмыстарын «Карат-Z» ЖШС атқаруда. Сондай-ақ аудан көлемінде елді мекендерді ауыз сумен қамту мәселелері жан-жақты талқыланды. Бүгінгі таңда Отырар ауданы бойынша 38 елдімекеннің 35-і толық ауыз сумен қамтылған. Атқарылған жұмыстармен танысу барысында бірқатар мәселелер бойынша нақты тапсырмалар жүктеген Зұлпыхар Сансызбайұлы Сырдария, Ақкөл, Бестам елдімекендерін 2025 жылдың соңына дейін 100 пайыз ауыз сумен қамту қажеттілігін ескертті.
Іс-сапар барысында Зұлпыхар Жолдасов «Көксарай-Балтакөл-Жаңақорған бағытындағы КХ-23, Түркістан – Шәуілдір бағытындағы КХ-190 автомобиль жолдарының жай-күйін көрді. Аралау барысында ұзақ жылдардан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмей тозығы жеткен күре жолдың бүгінгі ахуалы сала басшыларының назарына жеткізілді.
Сондай-ақ, Қоғам және Қарғалы ауыл округтерінде қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі ағын су тапшылығы болып отыр. Шаруалардың егістік жерлеріне ағын су жеткізу үшін «Қызыл-Ту» насос станциясынан 6 дана СНП насосы іске қосылған. Алайда елді мекендердегі ағын су тапшылығы мұнымен толық шешімін табады деген сөз емес. Осы мақсатта былтыр Д.Алтынбеков каналын бетондау жұмыстарын жүргізу жұмыстары қолға алынып, демеушілер есебінен жобалық сметалық құжаты дайындалды. ЖСҚ дайын болған соң қаржыландыруға «Қазсушар» РМК-на ұсынылады.
Мұнан бөлек Мыңшұқыр ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлердің артындағы жол бойы жарықтандырылып, Қоғам ауылындағы Бескепе көшесін орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2024 жылы аудандық бюджетке қаржыландыруға ұсынылған. Сондай-ақ, Талапты елді мекеніндегі ауылдық амбулаторияның құрылысына биыл облыстық бюджеттен қаржы қаралып, бүгінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Былтырғы жылы аудандағы 5 елді мекеннің ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу және бірнеше ауыз су нысандарына насос жиынтықтарын сатып алу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу жүргізілген. Аталған елді мекендердің қатарында Отырар ауылы да қамтылған. Сонымен бірге Қоғам елді мекенінде балалар ойын алаңшасын салу және Отырар елді мекеніндегі ішкі көшелерге аяқ жолдар салу жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, Талапты елді мекеніндегі Ж.Смайлов және Қарғалы елді мекеніндегі Қарғалы-2 көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Отырар ауылындағы "Ауыл- Ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы аясында Т.Ибрагимов көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген.
Аудан әкімінің былтыр ауыл округі тұрғындарымен кездесуі барысында Қоғам ауылының тұрғындары А.Мәмбетәлі, Ә.Аққұлов, Н.Додабаев, А.Тілеуовтер мен Отырар ауылының тұрғындары Е.Шынтереков, Н.Ердемқұл, С.Дүйсенбаев, Ж.Исаевтар ағын су жеткізу, ауыз су жүйелерін жөндеу, газдандыру жұмыстары туралы көкейдегі сауалдарын қойған болатын. Аталған мәселелерді мұқият тыңдаған аудан басшысы жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, заң аясында тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырған-ды.
Осы тұста тілге тиек етер маңызды мәселе, көктем мезгілінде Жер Ананың босаңсыған сәтін асыға күтетін адамзат айналасын тазалап гүл егіп, ағаш көшеттерін отырғызып, ауласын, көшесін, ауылын реттей бастайды. Биыл көктемде облыс әкімінің бастамасымен елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары жүрді. Өңір басшысы Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2022-2024 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес, аудан, қала елді мекендерін көгалдандыруға қажетті көшеттермен қамтамасыз ету облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жүктелсе, елді мекендерді көгалдандыруға берілген көшеттерді егу, күтіп-баптау қала, аудан әкімдеріне тапсырылған.
Биыл көктемде аталған басқармаға қарасты орман шаруашылығының тұқымбақтарында өсірілген көшеттер межелі жерге жеткізілді. Аймақтағы елді мекендерді көгалдандаруға техникалар тартылып, жұмыс күші жұмылдырылды.
Әсіресе, Отырар, Келес аудандарында жоспарланған көшет саны толығымен орындалып, көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілгенін атап өткен орынды. Ал, Қазығұрт, Сарыағаш, Шардара, Мақтаарал, Төлеби, Сайрам, Түркістан, Кентау, Арыс, Бәйдібек, Сауран, Жетісай, Түлкібас аудандарында көгалдандыру жұмыстары кейіндеу қарқын ала бастады. Өкінішке қарай, Созақ, Ордабасы аудандарында көгалдандыру жұмыстары біршама қолға алынбай келді.
Өңірдегі елді мекендерге 250 936 түп көшет тиісті орындарға жеткізіліп, отырғызылды. Отырар, Келес аудандарына тағы да қосымша сұраныс арқылы 11 050 түп көшет үлестірілді. Қазіргі таңда жалпы аудан, қалаларға орман шаруашылығы мекемелерінен 376 151 мың түп көшет тегін үлестіріліп, егілді. Жалпы, облыс көлемінде биыл 1 миллион түпке жуық ағаш отырғызылады деп көзделуде.
Облыс аймағында жолдар мен аяқжолдардан бөлек, халыққа қызмет көрсету орталықтары, әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандары, сондай-ақ, арық-атыздар, мекеме аумағының тазалығына баса назар аударылды. Бұған қоса, республикалық, облыстық, аудандық, ауылдық маңызы бар жолдар, мемелекеттік мекемелердің алды және көше бойлары мен саябақтар бойын тазартып, жасыл желекке айналдыру мақсатында түрлі сәндік ағаштардың көшеттері отырғызылды. Әрбір көшетті күтіп-баптау жұмыстары тұрғындарға түсіндірілуде. Алдағы уақытта аталған бағыттағы жұмыстар облыс көлемінде өз жалғасын табады.
Айта кетейік, өңір басшысы Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, 17 аудан, қаланың ағаш егілген алқаптары тұрақты түрде тексеріледі. Сондай-ақ, аудандардағы отырғызылған көшеттердің дұрыс егілуін және күтіп-бапталуын арнайы маман қадағалап, тұрақты мониторинг жүргізіледі.
Бұдан аудан басшысы ауылдарды аралау барысында шаруалармен кездесіп, еңбеккерлердің толғандырған мәселелерін тыңдады. Зейнеткер, «Қанағат» шаруа қожалығының төрағасы Сұлтанхан Күдірбеков мен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрбек Құлман «ағын суды пайдалану барысында кезекшілік ұйымдастырылса» деген өтінішін айтты. Бұл мәселе бойынша ауыл округінің әкіміне тапсырма беріп, жұмыстардың жүйелі атқарылуын өз бақылауына алатынын ескертті.
Бұл ретте ескерер бір жайт бар, соңғы жылдары таулы аймақтардағы мұз бен жауын-шашын деңгейінің төмендігінен Отырар ауданында ағын су жетіспеушілігі орын алып жатыр. Ауданға қарасты Қарғалы ауыл округіндегі дихандардың қауын, жүгері, жоңыршқа алқаптары ағын судан тапшылық көрді. Осы жағдайларды ескере отырып, Отырар ауданының әкімдігі суды көп қажет етпейтін және ғылыммен негіздемесі нақтыланған өнім түрлерін өсіруді ұсынды. «Биыл отырарлық диқандар жаз айларында су тапшылығының салдарынан бос жатқан 160 гектар алқапқа түрен салып, күзгі бидай еккен болатын. Күз және көктемгі мезгілде мол ағын суды тиімді пайдаланған «Біржан-2» ЖШС, «Ақсақал», «Сағындық-М», «Әшірбай» шаруа қожалықтары аңқасы кепкен даланы жасыл желекке бөлеп, мол өнім алуды көздеп отыр. Қазіргі таңда техникалардың дайындығын пысықтаған диқандар алдағы 1 ай көлемінде егінді толық жинап бітіреді», — деді Сәкен Асылханұлы. Айта кетейік, тың тәжірибеге аудандағы өзге ауыл округтерінің диқандары қызығушылық танытса, мамандар бұл жобаның су тапшылығын жоюдың ең тиімді әдісі ретінде бағалап отыр.
Еліміздегі суармалы алқаптардың 4/1 бөлігі Түркістан облысына тиеселі. Сондықтан ағын су мәселесі өте өзекті. 2019 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында су нысандарының экожүйесін сақтап, оны үнемді пайдалану үшін аса маңызды каналдар қайта жаңғыртылатынын айтқан еді. Сонымен бірге жаңа технологиялар мен цифрландыру арқылы суды үнемдеуге көшіруді тапсырды. Бұл ретте осы су нысандарын жергілікті деңгейде тиімді пайдалану арқылы Ордабасы, Отырар, Бәйдібек, Сауран аудандары мен Арыс, Кентау қалаларының 80 мың гектарға жуық суармалы жерін және Түркістан қаласын көгалдандыру жұмыстарын ағын сумен уақтылы қамтамасыз етуге мүмкіндік беріліп отыр.
Бүгінде өңірде шаруалардың суды қажеттіліктен артық пайдалануына, ағын су ысырабына жол бермеу және су беру тәртібін реттеу үшін облыста нақты тариф бекітілген. Нәтижесінде шаруаларға ағын суды тек қажеттіліктеріне сәйкес бөлу тәртібі енгізілген. Сонымен қатар су шығынын үнемдеу мақсатында «Түркістан» магистральды каналының бір бөлігін темір бетонмен қаптау жұмыстары аяқталып, барлық шлюздардағы су өлшегіштер есепке алынып, су балансын сақтау жұмыстары бір жүйеге келтірілген.
«Тұран су» мекемесінің міндеті – теңгерімдегі ағын су жүйелерін күтіп ұстау, реконструкциялау және егістіктерді ағын сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыру. Облыс әкімінің орынбасары суға жауапты басшыларға жауапты маусымға дайындықты пысықтап, көктемгі кезеңде жауын-шашынның мол түсуі ықтималдығына байланысты алдын алу шараларын күшейтуді және вегетациялық кезеңде шаруашылықтарды қажетті мөлшерде ағын сумен қамтамасыз етуді тапсырған еді.
2025 жылы Балтакөл ауыл округіндегі Ақкөл (халық саны — 365) елді мекендерін таза ауызсумен қамтамасыз ету межеленген. Қазіргі таңда облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан геологиялық іздеу барлау жұмыстарына мемлекеттік сатып алу шаралары ұйымдастырылуда.
Жобаны жүзеге асыру барысында ауызсумен қамтылмаған бес елді мекендегі 1334 ауыл тұрғыны сапалы ауызсумен қамтылып, 2025 жылы аудан бойынша ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен қамту үлесі 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, ауданға қарасты бірқатар елді мекендердің ауызсу жүйелері тозығы жетіп, күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етуде. Осыған орай, Жаңа Шілік, Аққұм, Балтакөл, Маяқұм елді мекендерінің ауызсу жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджет есебінен жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп жатқанын атап өткен жөн.
Елімізде 2021 жылы қабылданған «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін елді мекендердің барлық инфрақұрылым мәселелерін шешу көзделген. Осы жоба аясында Отырар ауданында 2025 жылға дейін тұрғындар 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Отырар ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылған еді. Аталған ақпаратты Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Отырар ауданында соңғы 5 жылда жаңа мәдени, бұқаралық спорт, білім және инфрақұрылымдар нысандары салынды. Тұрғын үй құрылысы жанданды. Табиғи газбен қамту жұмыстары жалғасуда. Шәуілдір ауылындағы жаңа мөлтек ауданда газ құбыры тартылуда. Көшелер жөнделіп, жарықтандырылуда. Қазіргі уақытта таза ауыз сумен тұрғындардың 87%-ы қамтылған.
Жаңа форматта өтіп жатқан есептік кездесудің басым бөлігі тұрғындардың көкейкесті сұрақтарына жауап беруге арналатыны белгілі. Жоғарыда айтылған облыс әкімінің сол отырарлықтармен кездесуі де сондай форматта өтіп, осыған дейінгі кездесуде берген уәделердің қаншалықты орындалғанын халық алдында баяндады. Мәселені қалай шешу керектігін, жолдары мен жүйесін жақсылап түсіндірді. Одан кейін тұрғындардың жекелеген сұрақтарына жауап берді. - Тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау – жергілікті биліктің басты міндеті. Сіздердің ой-пікірлеріңізді есту, ауданның әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстарыңызбен танысу біз үшін өте маңызды. Осыған дейінгі кездесуде көтерілген бірқатар мәселелер шешілді. Ауыз су мәселесі бойынша ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Биыл шыбын-шіркейдің шамадан тыс көбейіп, Сырдария өзенінің бойында орналасқан аудан тұрғындарының мазасын алды. Осыған орай, облыстық бюджеттен 817 млн. теңге бөлініп, толықтай залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарды қатаң бақылауда ұстаймыз. 12 мың гектарды құрайтын Шәуілдір суармалы алқабындағы жердің тұздылығын төмендететін каналдар мен бас коллектор жүйесін қайта қалпына келтіруге қатысты бас мердігермен сот процестері өтіп жатыр. Сот шешімі шыққаннан соң жобаны іске асыру бойынша нақты шаралар қабылданатын болады. Бұл мәселе қатаң бақылауға алынған. Сондай-ақ тұрғындар көтерген көшелерді жөндеу жұмыстары жүзеге асып жатыр, – деді облыс әкімі.
Былтыр негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемінің жылдық жоспары 29 млрд. теңге болса, 6 айда орындалуы 17 млрд. теңгені құрады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6 мыңнан асып, 8 мың 600 адам жұмыспен қамтылды. Ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі былтыр 8,7 млрд. теңгеге жетті. Биыл 3,7 млрд. теңгеге инвестиция тарту жоспарланса, 6 айда 1,2 млрд. теңгеге орындалған. Отырарда «Күн электр энергиясын өндіру» бойынша «Arm Wind» халықаралық компаниясы құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Жалпы құны 12,5 млрд. теңге. Нысан осы жылдың қазан айында пайдалануға беріледі. Жеке кәсіпкердің қолға алуымен ауданда ет және сүт өнімдері өндіріріледі. Сондай-ақ шұжық цехының құрылысы биыл толық аяқтады. Жаңа қонақүй бой көтерді. «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында 96 жоба қабылданып, әзірге 160 млн. теңгеге 36 жоба қаржыландырылды. Бағдарламаның аясында ауданда 4 кооператив құрылды.
Соңғы 5 жылда Отырар ауданында жаңа мәдени, бұқаралық спорт, білім және инфрақұрылымдар нысандары салынды. Тұрғын үй құрылысы жанданды. Табиғи газбен қамту жұмыстары жалғасуда. Шәуілдір ауылындағы жаңа мөлтек ауданда газ құбыры тартылуда. Көшелер жөнделіп, жарықтандырылуда. Таза ауыз сумен тұрғындардың 87%-ы қамтылған. 2025 жылы бұл көрсеткіш 100%-ға жетеді. Ауданда туристік тартымдылықты арттыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолынан «Арыстанбаб» кесенесіне дейін туристік маршрут бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандарына абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. «Арыстанбаб» кесенесінің аумағы, «Отырар төбе» қалашығы абаттандырылды. – Өркениет ордасы саналатын киелі Отырарда Арыстан баб кесенесі бар. Әрісі әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабиден басталып, бүгінде талай тұлға осы топырақта туған. Отырар ауданы бір жағынан облыс орталығына жақын болған соң, екіншіден осындай тарихи мекен ретінде танылған соң, Түркістанға келген адам Отырарға да соғады.
«Біздің мақсатымыз – облысымыздың әрбір елді мекенін дамыту. Осыған орай назарды тек облыс орталығына ғана аудармай, барлық ауданды дамыту, көркейту, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау біз үшін өте маңызды. Барлықтарыңызды ауданды дамыту жолында аудан әкімімен бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын. Аудандағы өзекті мәселелерді ең алдымен жергілікті халық жақсы біледі. Сондықтан күрделі мәселелерді шешуге және ауданның дамуына сіздермен бірге жүйелі шаралар қабылдайтын боламыз», – деді Дархан Сатыбалды. Екі сағаттық ашық диалог арқылы өңір әкімі Отырар ауданы тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Кездесудің тікелей эфирі Facebook әлеуметтік желісінде өтті, онда желі пайдаланушылары өздерін қызықтыратын сауалдарын қойды.
Айта кетсек, Түркістан облысы әкімінің биылға, яғни, 2024 жылға белгіленген халықпен кездесуі кестеге сәйкес өтіп жатыр. Осы уақытқа дейін Дархан Сатыбалды бірнеше аудан-қалалардың тұрғындарымен кездесті. Кездесу соңында облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат