Сенбі, 25 Мамыр 2024 09:02

Шымкент: Жыл соңына дейін жұмыс істейтін 900 жас сатып алу құқығынсыз пәтерлі болмақ

2024 жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында 364 пәтердің құрылысы жүргізілуде, бүгінде аталған көрсеткішті нарықтан сатып алу арқылы 1000 пәтерге жеткізу жоспарланған. Тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарының аяқталуы және пәтерлердің коммуналдық тұрғын үй қорына өткізілуіне қарай кезектегі азаматтарға, соның ішінде тұрғын үй кезегі келген 449 пәтер халықтың әлеуметтік осал тобына, 351 пәтер көпбалалы отбасыларға, 200 пәтер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілетін болады.

 

Бүгінде Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 50 019 азамат тіркелген, оның ішінде:

- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша - 1907;

- көпбалалы отбасылар 14 063;

- халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы – 17 625;

- мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер – 16 402;

- жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар- 22.

Бұдан бөлек жыл соңына дейін жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз 900 жалдамалы пәтер берілмек. 2274 пәтер кезекте тұрған азаматтарға арналған жеңілдетілген 2-10-20, 5-10-20 бағдарламалары бойынша жыл соңына дейін беру жоспарлануда. 2024 жылға өтпелі болған 244 пәтер несиелік негізде Отбасы банк арқылы азаматтарға қолданысқа табысталды.

Биылғы жылға Қамқор өңірлік бағдарламасына жергілікті бюджеттен 5 млрд. теңге және «Отбасы банк» АҚ-нан 3 млрд. теңге жалпы құны 8 млрд теңге бөлініп, ағымдағы жылы 400-дей отбасыны несиелендіру көзделуде. Несиенің ең жоғары мөлшерлемесі 20 млн. теңгеге дейін, пайыздық мөлшерлеме – 6%, бастапқы жарна 10%-дан кем емес, несиенің максималды мерзімі 25 жылға дейін. Тұрғын үйді бастапқы нарықтан ғана алу мүмкіндігі қаралған.

 

 

Оқылды 366 рет