Сенбі, 25 Мамыр 2024 18:30

Ордабасы: аудан әкімі жағдайы сын көтермейтін ауыз су мұнараларын ретке келтіру бойынша нақты тапсырма берді

Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев «Таза су» мекемесінің мәселелері бойынша жиын өткізді. Оған аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл, «Таза су» мекемесінің директоры Асан Құрымбеков пен мекеменің мамандары, салалық бөлімдердің басшылары қатысты.

Жиында мекемеге жыл басынан берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы баяндалып, алдағы жоспарлар талқыланды. Өз кезегінде аудан әкімі мекеменің теңгеріміндегі 41 ауыз су мұнараларының кейбірінің жалпы жағдайы сын көтермейтінін айтып, оларды ретке келтіру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Атап айтатын болсақ, оларда санитарлық-тазалық жұмыстарын (қоршауларын жөндеу, әктеу-сырлау және т.б.) жүргізу, трансформаторлар мен насостардың қуаттылығын, мұнара аумағының жарықтандырылуын тексеру міндеттелді. Сондай-ақ мекеме директорына есептіліктің дұрыс болуы мақсатында әр су мұнарасына бастапқы есептегіш құралын орнатудың тиімділігін жан-жақты қарастыру тапсырылды.

Одан бөлек, аудан басшысы жауапты мамандарға арнайы кесте жасап, мерзімдерін белгілеп, елді мекендерде абонент санын нақтылауды, су есептегіш құралдарының жағдайын тексеруді жүктеді.

Сонымен қатар, Шұбарсу елді мекеніндегі ескі су құбырымен су тұтынып отырған тұрғындарды жаңадан тартылған құбырға қосылуын қамтамасыз етуді жүктеп, салалық бөлімнің басшысына аталған елді мекендегі ауыз жүйесіне талдау жүргізуді тапсырды.

Бүгінде Ордабасы ауданы Шұбарсу елді мекенін ауыз сумен қамтудың төртінші кезеңі бойынша 3142 абонентке су беру берілді. Таяуда шұбарсулықтардың таза ауыз сумен қамтылу қуанышына аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйлеп қайтқан болатын. Айта кету керек, Шұбарсуды ауыз сумен қамту үшін 5 кезеңмен жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірінші кезең бойынша нысан құрылысы аяқталып, 1 965 тұрғын немесе 655 абонент ауыз сумен қамтылды. Екінші кезең бойынша 3 333 абонент ауыз сумен қамтылатын болады. Нысанды биыл мамыр айында пайдалануға беру жоспарлануда.

Үшінші кезеңде 3 584 абонент ауыз сумен қамтылатын болады. Нысанды биыл мамыр айында пайдалануға беру көзделіп отыр. Ал,бесінші кезең 3 191 абонент ауыз сумен қамтылмақ.Жылдың соңына дейін барлық кезеңмен ауыл толық ауыз сумен қамтылатын болады.

Аудан әкімінің халықпен кездесулерде көтерілген негізгі өзекті мәселелер – инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге қатысты. Ауданда 57 елді мекеннің сапалы ауыз сумен 54-і қамтылған. Тұрғындар санымен адам (мың адам) қамтылып, бұл көрсеткіш  пайызды құрап отыр. Ауданда 3 елді мекен ауыз сумен қамтылмаған (Мәдениет, Жұлдыз, Ынтымақ). Бүгінгі таңда 5 елді мекенде, олар Шұбарсу, Қараспан, Бейсен, Мақташы, Сарыарық елді мекендерінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Қараспан, Бейсен, Мақташы, Сарыарық ауылдарына ауыз су жүйесін қазан айында пайдалануға беру жоспарлануда.  Шұбарсу елді мекеніне жыл қорытындысымен беру жоспарлануда. Мәдениет, Жұлдыз, Ынтымақ елді мекеніндерін ауыз сумен қамту мақсатында, аудандық бюджеттен жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін 12 млн.теңге қаралды. Құрылысын 2024 жылы қаржыландыру үшін тиісті жұмыстар атқарылады. 2025 жылы аудан тұрғындары таза, сапалы ауыз сумен 100% қамтылады.

Осы тұста табиғи газбен қамту жағын да аз-кем сөз ете кетсек. Қазіргі уақытта Ордабасы ауданында табиғи газбен 57 елді мекеннің 9-ы қамтылған, елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 21,6 пайызды құрап отыр. Аудан бойынша 25 елді мекеннің (Бірлік, Жамбыл, Ақжол, Мақташы, Бейсен, Қараспан, Төреарық, Көлтоған, Берген, Батыр ата, Ынталы, Аманкелді, Бөген, Еңбекші, Елшібек батыр, Қызылжар, Көкарал, Спатаев, Шұбар, Береке, Сарытоғай, Тоқсансай, Шұбарсу, Төрткөл, Қарақұм) газ жүйесінің құрылыстарына биыл 3,8 млрд.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 17 елді мекен (Бірлік, Жамбыл, Ақжол, Мақташы, Бейсен, Қараспан, Төреарық, Көлтоған, Берген, Батыр ата, Ынталы, Аманкелді, Елшібек батыр, Спатаев, Қызылжар, Төрткөл,Қарақұм) газға қосылады  Нәтижесінде елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 21,6 пайыздан 46,8 пайызға артады. 8 елді мекеннің (Шұбар, Береке, Сарытоғай, Тоқсансай, Шұбарсу, Бөген, Еңбекші, Көкарал) құрылысы 2024 жылға өтпелі.

Сонымен қатар, 15 нысанға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде (Жеңіс, Арыстанды, Ақсары, Жайылма, Көктөбе, Мәдениет, Жұлдыз, Жаңатұрмыс, Сарыарық, Жусансай, Кемер, Ынтымақ газ құрылысы, сондай-ақ Шұбарсу, Көкарал елді мекендерге жеткізуші газ құбыры). Аудан аумағында 1 398 шақырымды (республикалық маңызы бар-73,3, облыстық маңызы бар-242,8, аудандық маңызы бар-93,6, ішкі көшелер-988,3 шақырым) құрайтын жолдар бар. Биыл «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында бюджеттен 813,9 млн. теңге бөлініп, 13 елді мекендегі (Еңбекші, Спатаев, Қызылжар, Бейсен, Мақташы, Теспе, Жамбыл, Бөген, Бірлік, Берген, Ынталы, Тоқсансай, Береке) 26 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге, аудандық бюджеттен 873 млн. теңге қарастырылып, 14 елді мекендегі 23 көшеге орта жөндеу жөндеу жүргізілуде. Атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылы қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесін 55,5 пайызға жеткізу жоспарлануда. Құрылыс жұмыстарының көлемі млрд. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 3,5 пайызға өсті.  Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін «Сергек» жобасы іске асырылуда. Биыл ауданның бюджет көлемі 19 млрд. теңге, оның ішінде өзіндік кірістердің 21,9% құрап отыр. Ағымдағы шығындарға, даму бюджетіне бағытталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылдың қорытындысымен Түркістан облысының халқы 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етілуі тиіс. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың барысын әрдайым қатаң бақылауда ұстап келе жатқаны мәлім. Облыста 720 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін 16 елді мекенде су жүйелері жүргізіліп, ауыз су беріледі.

Елді мекендерді үздіксіз және сапалы ауыз сумен қамту үшін жер асты су кен орындарын, су көздеріне іздеу-барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан уәкілетті органдар тарапынан су қорлары бекітілуде. Өңірде халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2018 жылы облыста 622 елді мекен (7 қала, 615 ауылдық елді мекен) ауыз сумен қамтамасыз етілген болатын. 6 жылда орталықтандырылған ауыз сумен елді мекендердің жалпы саны 720-ға жетті (7 қала, 713 ауылдық елді мекен) немесе 86,4 %-ға артып, 2025,3 мың адам сапалы ауыз сумен қамтылып отыр.

Осыдан үш жыл бұрын елімізде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жоба бастау алған еді. Ұлттық жобаға сәйкес, іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай ауыз сумен толық қамтамасыз етуге (сумен жабдықтау және су бұру желілерінің 16 мың км салу және реконструкциялау), қалаларда сарқынды суларды 100 пайыз тазартуға қол жеткізіледі, инженерлік желілердің тозуы (жылумен, сумен жабдықтау, су бұру) 55 пайыздан 47 пайызға дейін қысқарады. Өз кезегінде, аталған көрсеткішке қол жеткізу үшін Түркістан облысының әкімдігі тарапынан ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Ендігі жерде өңірдегі ауыз сумен қамту бағытындағы жұмыстарға тоқталып өтсек.

Ең алдымен, биылғы жылдың басында облыстағы елді мекендерді ауыз сумен қамту жұмыстары күшейтіліп, жұмыс жоспары қатаң қадағалауға алынатын болған. Мұны облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде өңір басшысы Дархан Сатыбалды айтып, жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеп, бірінші кезекте ауыз су мәселесі толық шешуді және салаға қатысты жобаларды жеделдетуді тапсырған болатын. Облыс басшысының айтуынша, ауыз су мәселесін шешуге арналған жобалар сапалы болып, жұмыс тиянақты атқарылуы тиіс. Алдымен жер асты суын іздеу-барлау жұмыстары жүргізіліп, жобалық-сметалық құжаттарын әзірленеді. 2025 жылы елді мекендер 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз ету міндетін орындау мақсатында өңір басшысы қажетті ұсыныстарды жүйелеп, қаржы бөлу мәселесін шешуді тапсырған-тұғын.

2023 жылдың басындағы жағдай бойынша өңірдегі 831 елді мекеннің 719-ы ауыз сумен қамтамасыз етілгені белгілі. Бұған дейін облыстағы жүзден астам елді мекен ауыз суға жарымай отырған.  Десе де, бұл түйткілді шешу бағытында біраз шаруа қолға алынып, атқарылып жатыр. Мәселен, былтыр 57 ауыз су нысанының құрылысына бюджет есебінен 13,3 млрд теңге бөлінді. Соның ішіндегі 43 нысанның құрылысы аяқталды. Қалған 14 нысан биыл, яғни, 2024 жылы пайдалануға беріледі. Сөйтіп су құбыры жүргізілмеген 17 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етіліп, 11 елді мекендегі тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылмақ.

2015-2021 жылдары аралығында жергілікті атқарушы органдар тарапынан облыс көлемінде жалпы 267 елді мекендегі жер асты су қоры бекітілген. Биыл да бұл бағыттағы жұмыс жалғасын тауып, 22 елді мекендегі іздеу-барлау жұмыстарын бітіруге және 88 елді мекенде іздеу-барлау жұмыстарын бастауға, сонымен бірге 15 шекара бөлімшесіндегі іздеу-барлау жұмыстарына облыстық бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлініпті.

2024 жылдың қорытындысымен, 829 елді мекеннің 768-ін (7 қала, 761 ауылдық елді мекен) немесе 92,6%-ын ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Яғни, 29 елді мекенде ауыз су мәселесі шешіледі. Облыс елді мекендерін 100% ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Түркістан облысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілді.

Ол құжатта 41 елді мекенге құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда, 21 елді мекенде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, биыл 13 елді мекенде құрылыс аяқталып, пайдалануға беріледі, қалған 8 елді мекен 2025 жылға өтпелі. 29 елді мекенде кешенді блок-модуль (КБМ) орнату жоспарлануда. Атап айтқанда, 3 елді мекенге (Келес – 2, Сарыағаш – 1) кешенді блок-модуль қондырғысы орнатылған, іске қосу жұмыстары жүргізілуде. 11 елді мекенге КБМ орнатуға 2024 жылға ОБ есебінен 336,8 млн. теңге бөлінді.

Өңірде аудан, қала әкімдіктерімен бірлесе талдау жұмыстары жүргізіліп, қорытындысымен «Облыс аумағындағы кестемен берілетін елді мекендерге тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз етудің іс-шара жоспары» бекітілді. Жоспарға сәйкес, 2024 жылы 32 елді мекен 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз етіледі. 2025-2027 жылдары аралығында 133 елді мекенді тәулік бойы ауыз сумен қамту жоспарлануда. Жаңа су көздерін барлау жұмыстары да қолға алынбақ.

Бүгінгі таңда таза ауыз су мә­селесі адамзат баласы үшін өзекті болып отыр. БҰҰ-ның дерегінше, дүние жүзінде миллиардтаған адам әлі күнге дейін таза ауыз суға қол жеткізе алмай келеді. Дү­ниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) су ресурстары бойынша климаттық қызметтердің жай-күйі туралы соңғы есебіне сәйкес, суға байланысты тәуекел­дер жоғары қарқынмен өсіп келеді. 2000 жыл­дан бастап су тасқыны – 134, құрғақшылықтың ұзақтығы 29 пайызға өскен.

Қазірдің өзінде мамандар жаhандық климаттың жылынуына байланысты 2050 жылға қарай Орталық Азияда су тақырыбы күрделі мәселе болатындығын болжап отыр. Негізгі өзендері көршілес мемлекеттерден бастау алатын Қазақстан үшін су мәселесі шешімін табуды қажет ететін стратегиялық ба­сым­дықтардың бірі екені анық. Елімізде ауылдар мен шал­ғай өңірдегі халқымызды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақ­сатында мемлекеттік бағдар­ламалар жүйелі түрде жұмыс істеп келеді. Дегенмен жерасты суларының картасын жаңарту, бұл бағытта тиісті ғылыми зерттеу­лер жүргізу сынды атқарылатын мәселелер де баршылық.

Жалпы Түркістан облысында елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды. Сонымен қатар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауымен «сақалды құрылыстардың» мәселесін шешу жұмыстары өз нәтижесін беруде. Өткен жылы 70 нысанның құрылыс жұмыстарына бюджет есебінен қаржы бөлініп, 38 нысанның құрылысы аяқталды. Қалған 32 нысан осы жылы пайдалануға беріледі. Қазіргі уақытта 27 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, 120,5 мың халық ауыз сумен қамтылды. Өткен жылдың соңында өңірдегі 11 нысан ел игілігіне пайдалануға беріліп, 81 мың тұрғын таза ауыз суға қол жеткізді.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласында судың 40 пайызы босқа ысырап болып жатқандығын атып өтіп, суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейтуді тапсырды. Осы ретте ҚР АШМ-не су үнемдеу технологияларына инвестициялық субсидия көлемін 50%-дан 80%-ға ұлғайту жөнінде ұсыныс берілген. Жалпы су үнемдеу технологияларын 2028 жылға қарай 100 мың гектар алқапқа енгізу межеленген.

Өңірде суармалы алқаптарды ағын сумен қамту, каналдар мен қашыртқыларды тазалау жұмыстары жалғасады.Бұл орайда, Түркістан облысында жалпы егіс алаңы артып, 873,6 мың гектарды құрады. Өңірде көктемгі дала жұмыстары белсенді жүруде. Егістікті әртараптандыруға басым бағыт берілген. Оған сәйкес дәнді дақылдардың егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 15 мың гектарға артып, 335 мың гектарға жеткізілді. Биыл жүгері мен маш өсіруге ниет білдірушілер саны өскен. Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің тапшылығын тудырмау мақсатында биыл ерте пісетін қырыққабат, сәбіз пияз бен картоп, бақша дақылдары артты. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды дала жұмыстарын барлық ауданда күшейтіп, өңірде мақта – тоқыма кластерін дамытуға басымдық беруді тапсырған болатын. Жұмысты жандандырып, шаруаларға берілетін көмектердің жылдам әрі жүйелі түрде үйлестірілуі бақылауда болуын ескертіп келеді.

Шаруаларға берілетін мемлекеттік қолдау көлемі артып келеді. Минералды тыңайтқыштарға 7 млрд.теңге бөлінеді. Қаржыландыру арқылы 10 мың тонна жүгері, 222 гектар жылыжайлар субсидияланады. Қосымща республикалық бюджеттен 8,5 млрд.теңге қаржы бөлу ұсынылды. Мақтаның 1,7 мың тонна шитін, 85 мың тонна жүгері мен 1,6 мың тонна бидайдың элиталы тұқымы субсидияланады. Қаржыландыру арқылы 462,6 млн м3 ағын су арзандатылған бағамен жеткізіледі. 22 мың тонна жуық жанармайға өтінім тапсырылған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласын несиелендіру 2024 жылы 13,4 млрд.теңгені құрады.Өткен жылы 201,7 мың га күздік егіс жиналды. 300 мың гектар егістікке жер жырты жұмыстары жүргізілді. Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысының басшысы Нұрбек Бадырақовтың баяндауынша, көктемгі дала жұмыстарына техника толық дайын. 2023 жылы 1382 комбайн, тракторлар мен қосымша құрал – жабдықтар сатып алынды. Облыста 24 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасы бар.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 307 рет