Жұма, 13 Желтоқсан 2024 10:50

Шымкенттіктер вице-министрге цифрлық даму бойынша ұсыныстарын айтты

Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек қала тұрғындарымен және жастарымен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – цифрландыру мен инновация бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларды таныстыру және атқарылған жұмыстарды саралау болды. 

 

Іс-шара аясында вице-министр цифрландырудың қоғам өміріндегі рөлі мен осы саладағы басты жетістіктерді баяндады. Сондай-ақ, жастарға цифрлық технологиялар мен инновацияларды дамыту үшін қандай мүмкіндіктер ұсынылатыны туралы жан-жақты ақпарат берді.  

Тұрғындардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдау үшін арнайы ашық алаң ұйымдастырылды. Жиын барысында азаматтар киберқауіпсіздік, ұялы байланыс операторларының қызмет сапасы және инновациялық жобаларды қолдау мәселелерін қозғады. Вице-министр барлық сұрақтарға толық жауап беріп, цифрландыру саясатының ары қарай дамуында халықтың пікірі маңызды екенін атап өтті.  

Бұл кездесу Шымкент қаласында цифрлық трансформация мен инновация саласындағы маңызды мәселелерді шешуге бағытталған диалог алаңы ретінде өтті. Қала тұрғындары мен IT саласының мамандарына мемлекеттік бағдарламалардың әлеуетін пайдалану үшін қосымша мүмкіндіктер ұсынылатыны жеткізілді.

Оқылды 70 рет