Аудан тұрғындары мен кәсіпкерлерге жеке гигиенаны сақтау, залалсыздандыру жұмыстарын атқару, барлық мәдени-спорттық іс-шараларды және той-томалақтарды тоқтату қажеттігі, жолаушылар тасымалдау мекемелерінің автокөліктеріне, меншік түріне қарамастан барлық балабақшаларға, базарларға қойылатын санитарлық талаптар түсіндірілді.
Залалсыздандыру жұмыстарының талапқа сай орындалуы Келес аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан қадағалауға алынып, автобекеттерге қоғамдық көліктерді дезинфекциялау жиілігін тіркейтін арнайы карта арнау ұсынылды.
Ауданның төтенше жағдай кезіндегі эпидемиологиялық жағдайы тұрақты бақылауда.
Еске сала кетейік, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығын іске асыру нұсқаулығын орындау мақсатында, Түркістан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу бойынша арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген.