Алайда, стратегиялық маңызы бар нысанды ластап, заңсыз балық аулайтын броконьерлерге тосқауыл болмай тұр. Осыны ескерген мамандар ерекше қорғалатын аумақты тазалау жұмыстарын бастап кетті. Түркістан облыстық аңшылар мен балықшылардың қоғамдық бірлестігі және өңірлік «Қансонар» қауымдастығының қызметкерлері су жағалауын қоқыстан тазартып, сенбілік жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде бірнеше күннен бері қытайдың сапасыз балық ауына қармалып қалған су жануарлары жағалауға шығарылды.
«Қапшағай» су қоймасы 1982 жылы салынған. 34 млн. текше метр су сияды. Бірер жыл бұрын қойма күрделі жөндеуден өтті. Су нысанындағы Комсомол каналы да қалпына келді. нысанның 21,7 шақырымы темiр-бетонмен қапталып, 18 су қақпасы мен канал бастауының 1500 метрi қайтадан жөнделдi. Ресми дерекке сай, ауданда заңсыз балық аулаумен күрес жүйелі жүргізіледі. Рейдтер ұйымдастырылып, браконьерлер құрып қойған ауларды жинап алады. Құқық қорғау органдары браконьерлердің өздерін ұстап, олардың суда жүзетін құралдарын, аулаған балықтарын тәркілеп алады.
