Бохановтар Сұлтан және Сәрсенбай Серікбайұлдарының көмек қолын созып жүргендеріне талай жылдың жүзі болды. «Біз мектепке барамыз» акциясына да қатысып оқушылардың мектеп формасымен,оқу құралдарымен жылма жыл қамтамасыз етіп отырады. Мұнан бөлек жылдағы рамазан айында да Құрбан айт мерекесі қарсаңында да міне осындай жомарттығын танытып жүрген азаматтар.
Бүгінгі күні жаны жомарт кәсіпкерлер #BIZBIRGEMIZ» республикалық акциясы аясында «Ауызашар» ретінде бірінші кезектегі азық-түлік себетін дайындап 80 отбасыға 1-Май ынтымақ мерекесі күні қарсаңында азық-түлік себеттерін көпбалалы отбасыларына, мүмкіндігі шектеулі жандарға жәнеде тұрмысы төмен отбасына өз ұлдары арқылы жіберілді.
Арнайы дайындалған себетте әр отбасыға бірдей ұн,май,шәй,шекер,күріш,тұз сияқты күнделікті қолданатын азық-түліктерімен бірге хұрма арнайы ауыз ашуға жеткізілді.
#Жомарт_жанға_аспандағы_лашын_қонар деген.Боқановтар жанұясы алдағы уақытта да көмек қолын созатынын айтып мұнымен шектелмейтінін жеткізді.
Төтенше жағдай кезінде өз ауылдастарына көмек қолын созған жомарт жандарға
ниеттеріңіз қабыл болып мұраттарыңыз асыл болып, кәсіптеріңізден береке табыңыздар деп Оранғай ауылдық округ әкімі Сыздык Хамзаұлы шын жүректен алғысын білдірді
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.
