Қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан аудан аумағындағы шағын аудандардағы әлеуметтік нысандар орналасқан 13 көшеге 24,6 шақырымға жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, Тұрлан ш/а Есенов, Қызылжар ш/а, Құртаев, Жиделі ш/а Таубалы тас, Игілік т.а Шардара, Құрсай ш/а Мәмешов, Қазығұрт ш/а Ақжар (Жандарбеков көшесінен Орманшы шағын ауданына дейін), Самал-3 ш/а Дулатов, Солтүстік батыс ш/а, Юсупов-Қазына (№87 мектепке дейін), 4 шағын ауданындағы Қабылбеков-К.Аврора, 112 орамдағы Аманжолов (Қазиев көшесінен Б.Момышұлы даңғылына дейін), Октябрьская (Байтіленов көшесінен бастап), Землячки өткелі (Темірлан тас жолынан бастап Мақталы көшесіне дейін), К.Маркс ш/а, Тілеулес көшелеріне жарық шамдар орнату жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Абай даңғылындағы жарық шамдарды қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, құрылыс жұмыстарын қазан айының соңында аяқтау жоспарлануда.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат