Сәрсенбі, 14 Қазан 2020 12:19

Түркістанда «Танымал әннің тарихы» кітабының тұсауы кесілді

Түркістанда «Танымал әннің тарихы» кітабының тұсауы кесілді.

Бүгін қала әкімінің орынбасары Мұрат Базарқұлов журналист, ғалым, композитор Бекжігіт Сердәлінің 60 жас мерейтойына арналған «Өмірде де, өнерде де сан қырлы...» кешіне қатысты.

Журналист, профессор Бекжігіт Кенжебекұлы қазақ жұртына Түркістан қаласының гимніне айналған «Түркістаным – тұраным» және «Неге, неге?», «Жұбайлар жыры» атты әндерімен де және тағылымы мол, рухани байлық болып табылар бірнеше кітаптарымен де танымал.

Шара барысында Мұрат Серікбайұлы 60 жасқа толған мерейтой иесіне қаншама шәкірт тәрбиелеп, олардың білікті маман, тәжірибелі тұлға болып қалыптасуына үлес қосып жүргеніне алғыс айтып, шығармашылығына табыс, еңбегіне жеміс тілей отыра, шаһар басшысының құттықтауы мен сый-сияпатын тарту етті.

Сырлы кеш аясында "Танымал әннің тарихы" атты кітаптың тұсауы кесіліп, бейнероликтер көрсетіліп, шығармашыл жанның өнердегі құрдастары қатысқан брифингпен жалғасын тапты.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 371 рет