Сәрсенбі, 14 Қазан 2020 12:27

Түркістан облысында интернет сапасы бойынша 109 call-орталығы іске қосылды

Түркістан облысының ауылдық өңірлерінде ұялы байланыс және интернет мәселесі бойынша 109 call-орталығы іске қосылды.

Жоба Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының бастамасымен жүзеге асты.

 

Орталық облыс тұрғындары мен қонақтары үшін ғаламторды барынша қолжетімді ету және тарифтерді қосу бойынша кеңес береді. Сall-орталық сондай-ақ, базалық қондырғыларды орнату бойынша қоңырау қабылдамақ. Ауыл тұрғындары интернет тарифін қосу мен байланыс қызметі бойынша осы желіге өтінішпен жүгіне алады. Айта кетерлігі, алдағы уақытта ұялы байланыс нашар аймақта тұратын тұрғындардың қашықтан жұмыс істеу және онлайн оқыту мүмкіндігін арттыру мақсатында ол аймақтар 3G және 4G интернет желісімен толық қамтамасыз етілмек.

Айта кетейік, Түркістан облысында 838 елді мекен болса, биыл жыл соңына дейін соның 305-іне интернет желісін жеткізу жоспарлануда. «Бірақ бұған жауапты еліміздегі ең ірі байланыс операторы асығар емес. Жұмыс өте баяу жүріп жатыр», - дейді Түркістан облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызмет және архивтер басқармасының мамандары.

 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 372 рет