Сенбі, 17 Қазан 2020 15:59

Ауыл - ел бесігі: Түлкібастағы елдімекеннің 16 көшесі жөнделіп, пайдалануға берілді

Түркістан облысы Түлкібас ауданында елдімекендердің инфрақұрылымдары ретке келтірілуде.

Састөбе кентінде 16 көше жөнделіп, пайдалануға берілді.

Аудандық әкімдіктің мәлеметінше, жыл басынан бері кент аумағында ауқымды жұмыстар атқарылған. Ауыл орталығынан «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында көшелер ағымдағы және күрделі жөндеуден өтіп, түнгі шамдар орнатылған. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салынған. Соңғы жылдары кент тұрғындары тарапынан көтеріліп жүрген басты мәселелердің бірі тозығы жеткен электр бағаналары мен желіні және трансформаторды ауыстыру болатын.

Бұл мәселе де толығымен шешімін тапқан. «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде кенттің ішкі көшелерінің тозығы жеткен 8,4 шақырымды құрайтын электр желісі толығымен жаңартылып, 120 бағана мен қуаты 400 КВ құрайтын жаңа трансформатор орнатылған. Сонымен қатар, кент орталығындағы көп жылдан бері жөндеуді қажет ететін соғыс ардагерлер аллеясыда толығымен жөндеуден өтіп, кент шегінен заманауи кәріздік сорғы станциясы мен кәріздік суларды тазалау орны бой көтерген.

Жүйенің ерекшелігі - тұрғындар пайдаланған кәріз суын қайта өңдеп, өңделген таза суды егін суғару мен балық шаруашылығы сынды түрлі бағытта пайдалануға болады. 20 қазанға дейін аталмыш құрылғыға құбыры дайын 200 тұтынушыны қосу жоспарланып отыр.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

 

Оқылды 437 рет