Дүйсенбі, 19 Қазан 2020 16:06

Түркістан: Сайрамдық 17 мұқтаж отбасы баспаналы болды

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы 1984 жылы салынған коммуналдық меншіктегі бос тұрған ғимарат биыл күрделі жөндеуден өткізілген болатын.

Бұл туралы  Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. Нысан мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде 184 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселесін шешуге сеп болды. Ғимараттың жалпы алаңы – 586,3 шаршы метрді, ал тұрғын үйдің алаңы – 367,8 шаршы метрді құрайды.
Мемлекеттік бағдарлама аясында 2019 жылы жергілікті бюджет есебінен қаралған қаржыға жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу үшін 84 млн. теңге қаражат жұмсалған. Күрделі жөндеу жұмыстарын "Астана - Көктем С" ЖШС мердігер мекемесі жүргізді.
   Ғимараттағы тұрғын үй жайларымен 17 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (отбасы) қамтамасыз етілді.  Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков солардың ішінен 5 отбасыға пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстады. Жаңа баспана иесі атанған жандар қуанышымен бөлісіп, алғыс білдірді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 368 рет