Сейсенбі, 20 Қазан 2020 16:53

Түркістан: Төлеби ауданында көпқабатты тоғыз тұрғын үйдің құрылысы жүруде

Түркістан облысы Төлеби ауданында көпқабатты тоғыз тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Айта кету керек, бүгінде Төлеби ауданында әр түрлі санаттағы 3 879 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Алдағы уақытта кезекте тұрғандардың саны азаяды деп күтілуде. Себебі, ағымдағы жылы аудан орталығы Ленгір қаласындағы 1-мөлтек ауданда 20 пәтерлі 5 қабатты 9 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда жалпы 9 үйдің ірге тасын құю жұмыстары аяқталып, қыш қалау жұмыстары басталып кеткен. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге үш мердігер мекеме тартылып отыр. Атап көрсетсек, «АША-А» ЖШС, «A.S.InvestStroi» ЖШС, «Жоғарғы Санат Құрылыс» ЖШС-і. Тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары 2021 жылға өтпелі. Жұмыстар толығымен 2021 жылдың маусым айына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат            

 

Оқылды 424 рет