Дүйсенбі, 26 Қазан 2020 20:44

Түркістан: Арыс қаласындағы саябақтарда тегін ғаламтор жүйесі орнатылды

Түркістан: Арыс қаласындағы саябақтарда тегін ғаламтор жүйесі орнатылды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы Арыс қаласы тұрғындарының енді кез-келген уақытта ғаламторды тегін пайдалануына мүмкіндігі бар. Себебі, қаладағы төрт сабақта тегін Wi-Fi желісі орнатылды. Атап айтсанда, желі «Дендросаябақ», «Батырлар аллеясы», «Арбат», «Жастар» саябағында іске қосылған.
Аталмыш жүйе 20 Мбит/с жылдамдықта жұмыс істейді. Лимитсіз желіні орнату жұмыстарын «Транстелеком» компаниясы жүзеге асырған.
Атап өту керек, аталған жоба облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер  басқармасы мен қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.
Еске сала кету керек, саябақтарға серуендеуге барған тұрғындар арақашықтықты сақтап, бетперде тағуды ұмытпау қажет. Сонымен қатар, тегін Wi-Fi желісін пайдалану кезінде жастардың
тәрбиесіне кері әсер ететін сайттарға да кіруіне шектеулер қойылған.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 486 рет