Жексенбі, 01 Қараша 2020 19:13

Түркістанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Түркістан қаласында ауыл шаруашылығы өнмдерінің жәрмеңкесі өтті. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.

 

"Алтын бұлақ" автобекетінде өткен сауда алаңында Сайрам мен Төле би ауданы және "Түркістан" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен қала кәсіпкерлерінің өнімдері ұсынылды.

Айта кету керек, өнімдер нарықтағы бағадан 10-15% төмендетіліп саудаланды. Атап айтқанда, картоп - 90-100 теңге, пияз - 50 теңге, жылқы еті - 1800 теңге, сәбіз - 70 теңге, қырыққабат - 60-65 теңге, қауын-қарбыз, асқабақтың келісі - 50 теңгеден, сондай-ақ, жүзім 200 теңге, алма 120-200 теңге, қызанақ 70-100 теңге, қияр - 300 теңгеден саудаланды.

Жалпы, аталмыш ауылшаруашылығы жәрмеңкесі аясында 30 тоннадан астам өнім қойылды. Еске сала кету керек, жәрмеңке жексенбі күні де жалғасын табады.

Қала тұрғындары, жәрмеңкеге барған жағдайда арақашықтықты сақтап, бетперде тағуды естен шығармау қажет.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 357 рет