Бейсенбі, 05 Қараша 2020 21:45

Түркістан: Коммуналдық пәтер иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Көпқабатты коммуналдық пәтерлерде заңсыз және мекен-жай тіркелімінсіз тұрып жатқан және құйылмалы газ баллон пайдаланушылар, коммуналдық пәтерлердің жалдау ақысын уақытылы төлеу, өртке қарсы және техникалық қауіпсіздік қағидаларын сақтау, терезе, балкондарда темір торларды дұрыс орнату бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түркістан қаласы әкімінің өкімімен және "Тұрғын үй инспекциясы және тұрғын үй қатынастары бөлімі" бастамасымен атқарылып жатқан жұмыстарға қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы, "ОҚО үйлерді басқару" (КСК), жергілікті баспасөз өкілдері және басқа да сала мамандары жұмысшы топтың құрамына енген.

Аралау барысында, тұрғындарға ескертпе қағаздар мен Төтенше жағдайлар Басқармасы тарапынан жадынамалар таратылды. Мамандардың айтуынша, егерде жалға беру фактісі орын алса ескерту беріліп, мемлекет меншігіндегі үйді қайтару үшін бөлім тарапынан сотқа келісімшартты бұзу бойынша талап-арыз жолданады. Рейд аясында пәтерінде заңсыз және мекен-жай тіркелімінсіз азаматтар ұстап отырғаны үшін және пәтерде газ баллонын пайдаланған азаматтар белгілі болып, ескерту берілді. Заңсыздықтың алдын алу мақсатында аталған жұмыстар апта сайын жүйелі жүріп отырмақ.

Қала тұрғындарына газ баллондарын қолдану қауіпін ескеруді және өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарласуға болатынын еске саламыз.

Ал, тұрғын үйлерге байланысты заңбұзушылық фактісі орын алған жағдайда "Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне" 8 (72533) 41740, 87011486000 хабарласуыңызға болады. 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 379 рет