Жұма, 06 Қараша 2020 22:29

Шардара ауданында «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасымен 20-дан астам көше жөнделуде

Биыл Шардара ауданында «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджет қаржысы есебінен жалпы ұзындығы 18 шақырымнан астам барлығы 21 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүруде.

Бүгінгі таңда 20 көшеде орта жөндеу жұмыстары толығымен атқарылып, пайдалануға тапсырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Қайрат Жолдыбай мәлімдеді.

Жалпы аудан аумағындағы облыстық маңыздағы автомобиль жолдарының ұзындығы 235,2 шақырымды құрайды. 2020 жылы жергілікті бюджеттен 473,5 млн.теңге бөлініп, Шардара қаласындағы жалпы ұзындығы 11,9 шақырымды құрайтын 6 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен қала ішіндегі 46 көше ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өткен.

«Шардара қаласында жалпы ұзындығы – 7,5 шақырымды құрайтын барлығы 20 көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Он көшеде асфальт төсеу жұмыстары толығымен атқарылып, пайдалануға берілді. Ал 11 көшеде тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Ауылдық округтерде жалпы ұзындығы 8 шақырымды құрайтын, барлығы 10 көшеге орта жөндеу және тас төсеу жұмыстарын жұмыстар жүргізілуде», - деді аудан басшысы.

Бұдан өзге, ауданды абаттандыру, көріктендіру жұмыстары бойынша 2020 жылға жоспарланған 62 мың түп ағаштың көктемгі маусымдағы 47 мың ағашы егілді. Күзгі маусымда 15 мың түп ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 378 рет