Бейсенбі, 19 Қараша 2020 06:23

Түркістан: Шардарада мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше назар аударылуда

Шардара ауданында жалпы 3273 мүмкіндігі шектеулі азаматтар тіркелген.

. Оның ішінде 256 адам 1-топ, 1147 адам 2-топ, 1327 адам 3-топ және 492-і 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар. «Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылғы дейінгі ұлттық жоспарды бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы

№ 326 қаулысына сәйкес, Шардарада мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау шаралары қарқынды түрде жүргізілуде.

Бүгінгі таңға дейін мүмкіндігі шектеулі азаматтардан 1547 өтініш түсіп, 957 өтініш қанағаттандырылды. Әсіресе, протездік-ортопедиялық, тифлотехникалық, гигиеналық, сурдоқұралдарға және қоларбаларға өтініштер көптеп түсіп, сұранысты қанағаттандыру бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін өтініш берген барлық мүмкіндігі шектеулі азаматтар толығымен қоларбамен қамтамасыз етіледі.

Оған қоса, санаторий-курорттық емделуге 271 азаматтың өтініші қанағаттандырылған. Бұдан басқа, облыстық басқарма тарапынан қосымша санаторий-курорттық емделуге 100 жолдама бөлініп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға таратылуда. Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылып, аудан бойынша 105 мүмкіндігі шектеулі азаматтар 26 437 құралға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс берген болатын.

  «AQ-QARA.KZ»-ақпарат            

 

 

 

 

Оқылды 473 рет