Түлкібас ауданы Састөбе кентінде 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі жандарға «күндізгі қатынау бөлімі» ашылды. Бұл мекемеде жүйке жүйесімен ауыратын балалар сауықтыруға арналған емдік, логопедтік, дефектологиялық жаттығулар жасайды және оларға психологиялық, массаж қызметтері көрсетіледі. Осыған байланысты орталық тиісті заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған.
Жаңадан ашылған мекеменің ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев арнайы қатысып, тұрғындарға құттықтау лебізін білдірді.
Еске салайық, осыған дейін аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылында алғашқылардың бірі болып мүмкімдігі шектеулі жандарға арналған шынығу залы ашылып отыр. Аталмыш ғимаратты 1-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан Карима Сариева мемлекеттік грант қаржысына іске асырған.
Айта кетейік, жалпы ауданда 5475 мүмкіндігі шектеулі азамат болса, оның 754-і 18 жасқа дейінгі балалар.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат