Сейсенбі, 24 Қараша 2020 21:43

Түркістан: Тікелей эфирде әлеуметтік көмек барысы айтылды

Түркістан қаласы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің" басшысы Нұрбибі Бурибаева тікелей эфирге кіріп, 2020 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар барысын баяндады.

Онлайн мәлімдеме Түркістан қаласы әкімдігінің Facebook және Instagram парақшалары арқылы "Тұрғындарға көрсетілген әлеуметтік көмектер барысы" тақырыбында өтті. 

Жалпы, бөлімде халықты әлеуметтік қорғау 4 бағытта жүзеге асуда.

Олар: еңбек қатынастарын үйлестіру, аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау және азаматтық хал-актілерін тіркеу.

Бөлім басшысының мәлімдемесінше, қаламызда 4307 отбасына атаулы әлеуметтік көмек төленген. Сонымен қатар, 1-3 жас аралығындағы 6876 бала, 3-6 жастағы 8627 бала кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілген. Және 6-18 жас аралығындағы 6943 қала тұрғынына төтенше жағдай кезеңінде наурыз, сәуір, мамыр, шілде тамыз айларында қаржылай төлем берілген.

Тікелей эфир уақытында тұрғындар тарапынан бірқатар сауалдар қойылып, тиісті жауаптар берілді. Одан өзге, Нұрбибі Бурибаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалып жатқан жұмыстар барысын айтып, сенім жәшіктері мен сенім телефоны арқылы тұрғындардың бөліммен байланыса алатындығын айтты.

Сенім телефоны 7-10-17

Instagram @turkestan_sobes 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

 

Оқылды 278 рет