Әлеуметтік желі мен "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" тарапына тұрғындардан қазіргі жауын-шашын салдарынан жүріп-тұру қолайсыздығын жазған азаматтардың шағымдары кезегімен қаралуда.
Осы мақсатта, шаһар басшысы Рашид Аюпов бүгін "Мақтазауыт" аумағындағы Шорнақ, Улугбек, С.Марайым көшелері мен Б. Майлин көшесінің бұрылыстары және "Отырар" мөлтекауданындағы Бәйдібек ата, К. Баялиев, Сапарбай болыс және Шойынбет би, Сары жылға мен Гауһар ана көшелері аралығын қарап, жауапты бөлімге алдағы бір ай ішінде тас төсеуді тапсырды.
Аталған көшелерде инфрақұрылым жұмыстары толық аяқтала, асфальт төсеуге ұсыныстар беріліп, тізімге енетін болады. Жалпы, жиылған қала тұрғындары жол мәселесінен бөлек, кәріз жүйесі, қоғамдық көліктер және газ мәселесі бойынша сауалдарын қойып, жауабын алды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат