Сәрсенбі, 25 Қараша 2020 22:16

Түркістан: "Бастау бизнес" жобасы аясында 400 адамға қайтарымсыз грант берілді

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев (@t.mussaev) тікелей эфирге кіріп, Жұмыспен қамту шаралары бойынша мәлімдеме жасады.

Онлайн жүздесуде әкімдікте жүзеге асырылып жатқан бірқатар жобалар мен бағдарламалар аясы айтылды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында қаламызда 6 429 адам әлеуметтік шаралармен қамтылды.

Биыл қала бойынша 5 910 жаңа жұмыс орыны ашылса, "Бастау бизнес" жобасы аясында 400 адамға қайтарымсыз грант берілді. Сондай-ақ, "Жұмыспен қамту жол картасы" шеңберінде қала бойынша 56 жобаға 941 азамат және Әлеуметтік жұмыс орындарына 167 адам жолданған.

Ал, мемлекеттік атаулы көмек бойынша жыл басынан 1 қарашаға дейін 4 661 отбасыға қаржылай көмек берілген.

Тәжібек Қалманұлы қала бойынша жұмыссыздықты жою бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын айтып, тұрғындар сауалдарына жауап берді. 

Жұмысқа орналасу бойынша @jumispen_kamtu_ortalygy парақшасына немесе 8771 018 95 61 нөміріне жазып қалдыруға болады.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат            

 

Оқылды 590 рет