Түркістан қаласы әкімдігінің "Жер қатынастары" бөлімінің қызметкерлері қатысқан жиында "Өтініштерді қарауды бақылау және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі" басшысы есеп берді. Жалпы, бүгінге дейін 871 Қаулы шығып, иелеріне берілген. Осы ретте шаһар басшысы қысқа мерзімде қалған өтініштер бойынша түбегейлі шешімдер қабылдауды тапсырды.
Сондай-ақ, басқосудың нәтижесінде, Жер қаулысына қол қоюшылар 11 адамнан 3 адамға қысқартылды. Жер мәселесіне қатысты Қаулылардын заңдылығына (жерге орналастыру жобасына) "Жер қатынастары бөлімі, ал қала әкімі аппаратының Заң бөлімі Қаулының әзірленуіне жауапты болмақ.
Қол қойылған Қаулылар "Халықтық кеңсе" арқылы қаралып, жер қаулысы бойынша жауапкершілік тиісті бөлімге жүктеледі және жер қаулысы аясында әр дүйсенбі таңғы 9:00-де әкімдік отырысы өтеді.
Сонымен қатар, қала әкімі "Бірлік" елдімекеніндегі стадионның халыққа қайтарылуы үшін барлық заң аясындағы мүмкіндіктерді пайдалануды тапсырып, мәселе халық назарында екенін ескеріп, қысқа мерзімде түбегейлі шешімге атсалысу қажеттігін ескертіп өтті.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат