Осыған байланысты Қазығұрт ауданы өзіне тиісті 6-секторда 8 мыңға жуық тал екті.
Аудан аталған сектордағы көшелерді көркейту, көгалдандыру бойынша «Көркем қала KZ» ЖШС-мен келісім шартқа тұрған. Секторда 9 көше бар. Қазіргі таңда онда тегістеуді қажет ететін 8 көшенің 5-не жұмыстар жүргізілген. Сондай-ақ, 8 мыңға жуық түп көшет отырғызылған. Атап айтқанда, 532 түп арша, 1582 түп қараған талы, 1045 айлант, 3428 түп сірке ағашы, 532 дана үйеңкі егілді. Егу жұмыстары жалғасуда.
Түркістан қаласындағы 6-секторда ауданнан келген 45 адам жұмыс істеуде. Сонымен қатар, 6 арнайы техника жұмыстарға тартылған. Бұдан өзге, 1 су таситын көлік, 2 экскаватор, 2 жүк көлігі, 1 газель автокөлігі жұмылдырылған. Көшеттерді суару үшін 5 ұңғыма қазу жоспарланып, бүгінде жұмыстар жүргізілуде. Барлық көшеттерге жаз мезгілінде тамшылатып суару әдісі қолданылатын болады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат