Сәрсенбі, 02 Желтоқсан 2020 18:33

Түркістан: Апталық жиналыста күн тәртібінде тұрған мәселелер талқыланды

Бүгін қала әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаевтың басшылығымен апталық мәжіліс өтті.

Мәжілісте күн тәртібінде тұрған мәселелер бойынша тиісті бөлім басшылары баяндама жасады. Карантин талаптарына орай, мәжіліске бірнеше бөлім басшылары онлайн режимде қатысты.

Өз кезегінде, "Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің" басшысы Нұрлан Қарабалаұлы "КазТрансГаз Аймақ" АҚ- ның газ нысандарын өткізу барысы туралы айтты. Түркістан қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету (III кезең) ГРП-9, 10, 11 нысаны бойынша газ құбырларына сервитут алу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, "Түркістан қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету (II кезең) ПГБ- 5, (III кезең) ГРП-1, 2, 3, 4, 5 және Түркістан қаласын табиғи газбен қаматамасыз ету магистральді газ құбыры II мен III кезең нысандары бойынша жерге орналастыру жобасы дайындалуда.

Сонымен қатар, 109 Бірыңғай байланыс орталығының іске қосылғаннан бергі, орталыққа түскен өтініштер мен шағымдары жайлы ақпарат берілді. Орталыққа сервистік қызмет бойынша осы уақытқа дейін 2000-ға жуық өтінім келіп түскен. Оның 23,8 пайызы газ мәселесі. Осы орайда, Түркістан қаласы тұрғындарының газ бойынша 109 байланыс орталығына келіп түсетін өтінімдерінің орындалуы мен түсіндірме жұмыстарын қамтамасыз ету үшін, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-мен орталықтандырылған жұмыс жүргізу туралы ұсыныс жасалды. Аталған ұсыныс жоспарлы түрде жүзеге асырылмақ.

  «AQ-QARA.KZ»-ақпарат            

 

Оқылды 398 рет