Саябақ аумағындағы барлық аяқжолдарға тас төсеу (брусчатка), қорғандарды ауыстыру, бағдаршам шамдар орнату, субұрқақты іске қосу, балалар алаңшаларын орналастыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, көрермендерге арналған жазғы сахна және тағы да басқа заманауи үлгідегі нысандар орнатылды.
Енді аудан тұрғындары күндіз-түні саябақ аумағында демалып, көл жағалауында серуендей алады.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылды. Қазақстан Республикасының алғашқы президент күнін атап өту Қазақстан Республикасының президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы дүр жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат